Ақтөбе облысындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер мыңға жуық жетім баланы қамқорлығына алды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кездесуде «Бақытты бала» жобасының барысы талқыланды.

Ақтөбе облысында 2018 жылы Бала жылы деп жарияланып, оның шеңберінде «Бақытты бала» ауқымды жобасы іске асырылуда.

Жоба Білім және ғылым министрлігі, отбасы және балалар мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлары қатысады.

Аталмыш жоба отбасы мен балаға қолдау көрсететін ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорларды өзара іс-қимыл жасау, ортақ мақсатқа жұмылдыру арқылы жүзеге аспақ. 

- Жобаның басты мақсаты - балаларға, олардың интеллектуалды, физикалық, рухани және адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасау. Оны тиімді іске асыру үшін білім басқармасы тарапынан және басқа мүдделі органдардан жақсы үйлестірілген жұмыс қажет. Біз балаларға мейірімді болу үшін қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиынды ашу сәтінде.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жоба 8 блокта белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жалпы «Балалар IT әлемі» бағыты аясында жыл басынан бері интерактивті жабдықтарды, роботты жинақтарды, 3D оқу орындарының 3D принтерлерін жабдықтауға 116,7 млн. теңге бөлінді. Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жалпы сомасы 981 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

«Сандық сауаттылық - мүмкіндіктің матрицасы» блогы шеңберінде 30 млн. теңге тұратын халықаралық дәрежедегі әуе-модерндік кордодромның құрылысына сметалық жоба әзірленді.

Робототехникалық «Кегелрингтен» облыстық ашық чемпионат өткізілді, 1 маусымға дейін  барлық аудандарда робототехниканың ресурстық орталықтары ашылады. Сондай-ақ, «Бағдарламалау негіздері» факультатив курсы, семинарлар, конкурстар мен цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру бойынша халықаралық чемпионаттар өткізу жоспарлануда.

Өңір басшысы балаларды заманауи компьютер ғылымына сауатты мамандардың оқыту керек екенін атап өтті.

- Оқыту кезінде барлық сатып алынатын техника мұражай жәдігері секілді тұрып қалмай, пайдаланылуы керек. Сондықтан, ұстаздарды даярлауға ерекше көңіл бөлу керек,-деді Бердібек Сапарбаев.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға «Кедергісіз білім беру» блогы арналған, соның аясында коррекциялық ұйымдар желісін дамыту шаралары қабылдануда. Осы жылдың мамыр айында ашылатын аутизмі бар балаларға арналған коррекциялық орталыққа жұмысшылар алу басталды.

Бұдан басқа, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 180 орындық балабақша мен тірек қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы ашылмақ.

Жыл басынан бері «Дені сау болашақ» блогі аясында облыс мектептерін спорт жабдықтарымен және құрал-саймандармен жарақтандыру үшін 95 млн теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру кезінде  жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жан жақты қолдауға басымдық берілді. Бүгінде кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 938 баланы өз қамқорлықтарына алған. Олар биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде балалардың ҚТҚЖБ-дегі жинақ шоттарын 12,7 млн. теңгеге толтырды. Жоба басынан бері үш жетім бала баспаналы болды.

Бұдан өзге, білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан жиын аясында «Аналарға тағзым» жобасының жүзеге асырылу сұрақтары қаралды. Талқылаудың қорытындысы бойынша өңір басшысы аталмыш жобаны жүзеге асыру жұмысын жандандыруды тапсырды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі