Ақтөбе облысында «Денсаулық» бағдарламасы талқыланды

Алқа отырысы кезінде Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесінің жыл басынан бергі қызметінің қорытындысы талқыланды.

Өңірдегі денсаулық сақтау саласында негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанудың және қайтыс болудың тұрақты түрде төмендеуі байқалады, алдын алудың, диагностика мен кеселді емдеудің жаңа технологиясы енгізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев облыста медициналық кластерді дамыту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын, соның аясында Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының халықаралық стандарттарға сай медициналық қызмет алуға мүмкіндіктері барын атап өтті.

 

Өңірде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі бойынша үш жоба жүзеге асырылуда, олардың қатарында - 150 мың шақырту қабылдайтын қалалық жедел медициналық көмек бекеті, 300 орынға арналған балалар тіс емханасы және 60 орындық офтольмологиялық бөлімше бар, 21 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бекет пен медициналық бекет салу жоспарланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының 2016-2019 жылдарға арналған жұмысының қорытындысын айтты.

Облыс халқына 498 денсаулық сақтау ұйымы, соның ішінде 46 аурухана, 452 амбулаториялық-емханалық ұйым медициналық көмек көрсетеді.

Оның айтуынша, халық саны өткен жылмен салыстырғанда 10 509 адамға артып, 847 469 адамды құрады, соның ішінде ересектер - 598 881, жасөспірімдер - 30 860, балалар - 217 728 адам. Жыл басынан бері 15 446 ота жасалса, оның 418-і жоғары технологиялық, 12 –сі ашық жүрекке жасалған ота, 10 – бүйрек, 3 – бауыр ауыстыру, 92 - буынды эндопротездеу оталары.

Барлық сақтандырылған қазақстандыққа жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және кірісіне қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке бірдей қол жеткізуіне кепілдік беретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша үлкен ақпараттық науқан жүргізілді.

Облыстың барлық медициналық мекемелерінде «Емханаға тіркел де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» ұранымен азаматтардың медициналық мекемені өз еркімен таңдау құқығын ескере отыра тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға тіркеу шаралары қолға алынды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы

мен медициналық ұйымдар басшыларының алдында «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының мақсатты көрсеткішіне жету шараларын қабылдау, сонымен қатар, инвазиялық және хирургиялық емдеу түрлеріне мұқтаж тұлғаларды ерте диагностикадан өткізу жұмыстарын күшейту, халықты жұқпалы аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша ақпараттандыру, ана мен бала өлімін азайту жұмыстары тұр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі