Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта қолға алынуда

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысының экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет ету мәселесі бойынша халықтың өзекті проблемаларын шешу туралы тапсырмасын орындау үшін 2 сәуірде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қалпына келтіріледі. Ағымдағы айдың ішінде топ мүшелері Мұғалжар, Темір, Алға, Байғанин және Шалқар аудандарында жұмыс істейтін болады. Шара аясында  57 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

29 наурыз, яғни бейсенбі күні облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жобаны іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

- Ең бастысы – нәтиже. Нәтижесіз іссапарлар болмасын!  Формализммен айналысып, пайдасыз есептерді жасамаңыздар. Сіздер халыққа барынша тиімді іс тындыру керексіздер, - деп Бердібек Сапарбаев жұмыс топтарының басшыларына тапсырма берді.

Бұрынғыдай, басты назар халықпен жұмыс істеуге аударылып, әлеуметтік мәселелерді шешу, қылмыстық және діни экстремизмге жол бермеу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру және аймақтағы бизнес-ортаны дамытуға күш жұмсалады.

Жиында жұмыс топтарының басшылары жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті. Осылайша дінге сенуші жастармен, діни қауымдастықтармен, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдармен жалпы саны 7 мың адамнан тұратын аудиториямен 150-ден астам шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Негізінен бұл мешіттерде кездесулер, семинарлар, дәрістер сынды мақсатты шаралар болып отыр.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты аясында дәрігерлер тегін консультациялық қызметтер көрсетіп, 2500 оқушыны медициналық тексеруден өткізеді, қажет болған жағдайда хирургиялық және басқа да көмектер көрсетеді. Еңбек ұжымдарында, мүгедектермен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен, жұмыссыздармен кездесулерде еңбек заңнамасының, әлеуметтік қамсыздандырудың мәселелері түсіндіріледі. 160-тан астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді дайындықтарға жіберіледі. «Еңбек келісім-шарттары - қызметкердің кепілдігі» жобасы бойынша жұмысшыларды жұмыс берушілермен 100-ден астам еңбек келісімшарттарын, соның ішінде ұжымдық ұйымдармен келісім шарт жасауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлікті дамыту бойынша тренингтер мен мастер-класстарға 1300 адамды қамтуды жоспарлап отыр, ал қаржы институттары жалпы сомасы 445 млн. теңгені құрайтын бизнес жобаларын қаржыландыруға дайын.

«Ақпараттық жұмыс» бағыты аясында Жолдауды түсіндіру, Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы, Ұлт жоспары және басқа да мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріледі. Жалпы алғанда, сарапшылар осы бағытта шамамен 5 мың адамды қамтитын 240 іс-шара өткізеді. Осы тұрғыда барлық топтардың жұмысын ақпараттандыру ұйымдастырылады, тұрғындар сарапшылардың жұмыстары мен нәтижелері туралы хабардар болады.

Сондай-ақ, аймақтағы шұғыл жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты 29 800 адам қамтылған 248-ден астам нысаналы іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың негізгі мақсаты - жыл басынан бері өсіп келе жатқан қылмыстың деңгейін төмендету.

Еске салайық, алғаш рет Ақтөбе облысында 2016 жылдың күзінде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы іске асырылды. Сол уақыттан бері бұл жобаның төртінші рет жаңаруы. Айта кетейік, 2017 жылы жобаны іске асырудың нәтижесінде аймақтағы қылмыс 20% -ға азайды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі