Ақтөбе облысында атқарушы билік ірі компаниялармен меморандумға қол қоюды жалғастыруда

You are here

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың қатысуымен «Южпромснаб» ЖШС мекеменің 2016 жылы орындалған өндірістік бағдарламасы және ұжымдық келісімшарты бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа «Южпромснаб» ЖШС-нің жұмысшылары, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы қатысты.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ұжымдық шарттың орындалуы мен кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижесі жөнінде ЖШС-нің бас директоры М.В.Гринберг есеп берді.

«Южпромснаб» ЖШС 2002 жылы Қазақстанның индустриалды даму бағдарламасына қатысу үшін құрылған. Осы мақсатпен өндірістік қор, механикаландырылған техника және мамандар орны жинақталып қолға алынған. Серіктестік қуатты электроқұрылғыны және мұнай өнімдерін көтерме бөлшектеп сатылуы бойынша бұрыннан келе жатқан бизнес саласында құрылған болатын.

- Компанияның негізгі қызметі инертті материалдар өндіру, пенополиуретан, жиһаз, металл өнімдері, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары, тасымалдау қызметтері және т.б. болып табылады.

Кәсіпорында 819 адам жұмыс жасайды. Өткен жылы орташа айлық жалақысы мен әлеуметтік төлемдер сомасын көтеру бойынша шаралар қабылданды, - деп мәлімдеді бас директор.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Елбасының жолдауында белгіленген басымдықтарды ескере отырып, облыс әкімі кәсіпорындардың басшыларына одан әрі өндіріс көлемін арттыру, жаңартпаларды енгізу, жоғары білікті мамандарды даярлау, кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтеріндегі қазақстандық қамтуды ұлғайту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде өңірлік деңгейде әрі қарайғы келісілген іс-әрекеттер мен өзара түсіністік үшін облыс әкімдігі, кәсіпорын басшысы және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында Меморандумдарға қол қойылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы