Ақтөбе облысында ауылдық кәсіпкерлердің 480 жобасына 2,1 млрд теңге көлемінде несие берілді

БАҚ өкілдеріне өндірістік және бөлшек саудамен айналысатын ШОБ субъектілерінің бірқатар жобаларын таныстырған баспасөз турын Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы «Даму» қорымен бірлесе отыра ұйымдастырды. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлайды.

Журналсистер барған кәсіпорындардың қатарында өзінің «Гармония» брендімен күніне екі тонна қуаттылықпен ұн және кондитер өнімдерін шығаратын «Qazaq Food Group» ЖШС да бар. Компания өнімдері Ақтөбе қаласы мен облыс базарларында ұсынылды.

2017 жылы компания ұн және кондитер өнімдерін шығаратын  конвейерлік типті жабдықты сатып алып, іске қосты. Осы мақсатта, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан жылдық 7% мөлшерінде алынған несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілді, сонымен қатар, Даму қорының кепілдігі ұсынылды.

15 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қазіргі таңда компания өз қызметін қуаттылығы айына 150 тонна болатын «Кондитер фабрикасы» атты ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолымен, кондитер өнімдерінің толық сапын шығара отыра кеңейтуді жоспарлауда.

Жылына 3,9 мың дана ыдыс жууға арналған «Айзере» поролонды сорғышын шығарумен айналысатын кәсіпорын БАҚ өкілдерінің ерекше қызығушылығын тудырды. Өнім Ақтөбе қаласының базарлары мен «Анвар» супермаркеттер желісіне жеткізіледі.

Жеке кәсіпкер Любовь Енаның металл жиһаз шығаратын старт-ап жобасы «БЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕБ-нен алынған 20 млн.тг. несие мөлшерлемесінің 7 %-ы субсидияланды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдемесі ұсынылды. Өнім «ДинарЭлектроМаш» дүкенінде сатылуда.

Биыл, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «БЖК-2020» бағдарламасы, «Кең дала», «Жас Старт» өңірлік несиелеу бағдарламалары аясында қолдау көрсету үшін 4,8 млрд. теңге қарастырылғанын атап өту керек.

Осы жылдың сегіз айы ішінде ШОБ-тің 670-тен астам субъектісі, сонымен қатар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін өзі еңбекпен қамтығандар қолдауға ие болды. Соның ішінде ауылдықтардың жалпы құны 2,1 млрд теңге болатын 480-нен аса жобасы несиелендірілді.

Кәсіпкерлік басқармасы Даму қорымен және серіктес банктермен бірігіп үш ай бойы апта сайын бағдрламаның әлеуетті қатысушыларына кеңестер беріп, тәжірибелік көмектер көрсете отыра «Ашық есік күндері» өткізуде.

 

 

«Ақтөбе ақпарат»  ақпараттық орталығы