Ақтөбе облысында биыл 20 кәсіпорын қайта жаңғыртылмақ

Ақтөбе облысы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға белсене қатысуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде кәсіпорындарды жетілдіруге арналған

Жол картасы  бекітіліп, оның аясында аймақта 15 өндіріс жаңғыртылған, олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «KMK Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АХҚЗ» АҚ және т.б. бар.

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы 5 нысан бойынша технологиялық жетілдіру жұмыстары аяқталады. 20 кәсіпорынның технологиялық жаңғыртылуының жалпы құны 20 млрд теңгені құрайды. Бұл шара еңбек өнімділігін 9%-ға арттырады, өнімнің өзіндік құны мен қайта өңдеу шығындарын 3%-ға, жарақаттану деңгейін 10%-ға төмендетеді, экологиялық жағдайды жақсартады және жаңа желілерді іске қосу арқылы шығаратын өнімдердің түрлерін кеңейтеді.

Алдағы бес жылда облыстың кәсіпорындарының жабдықтар мен үдерістері кемінде 400 млрд теңгеге жетілдіріледі.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі