Ақтөбе облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін барлық шаралар қабылдануда

You are here

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен өткен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында инклюзивті білім беруді дамыту және мүгедек балаларға көмек көрсетуге байланысты мәселелер талқыланды.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша 2016 жылы оңалтудың жекелеген бағдарламасы бойынша 94 мүгедек бала орындық-арба алды, тағы 96-сы көмекші техникалармен қамтамасыз етіліп, 246 балаға протездік-ортопедиялық бұйымдар берілді, 13 бала шипажайлық-курорттық сауықтыруға жіберілген.

Ағымдағы жылы мүгедек балаларға көрсетілетін шығынының бюджеті үш есеге артты.

Бұған қоса, 18-29 жас аралығындағы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтуға, Алға, Қандыағаш, Хромтау сынды шағын қалаларда инватаксидің жоқтығына байланысты сауалдар да өзекті болып қала береді.

Айта кетейік, бірінші жарты жылдықтағы мәлімет бойынша өңірде 3 мыңнан аса мүгедек бала тұрады.

АИТВ жұқпасына келер болсақ, ЖИТС орталығы өкілдерінің мәліметі бойынша облыс Қазақстандағы АИТВ жұқпасы аз тараған өңірлердің қатарына жатады және еліміз бойынша 13 орында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы