Ақтөбе облысында ламинат шығаратын зауыт тұрғызуы мүмкін

Ақтөбе облысында Еуразиялық экономикалық кеңес, Орталық Азия мен Иран елдеріне экспортқа шығарылатын паркет, ламинат және өзге де ағаштан жасалған бұйымдар дайындайтын зауыт пайда болуы мүмкін. Мұндай кәсіпорынды құрудың келешегін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев түріктің «Yildizdar Yatirim Holding» трансұлттық корпорациясының басшылығымен өткен кездесуде  талқылады.

Аталмыш жобаға жұмсалатын инвестиция көлемі 500-ден аса жаңа жұмыстарын аша отыра, 150 млн АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Облыс әкімі әлеуетті инвесторларға аталмыш жобаның қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген және коммуникациялық желілердің қуаттылығы бойынша талаптарға жауап беретін «Ақтөбе» индустриалдық аймағында жүзеге асырылуының артықшылықтары туралы айтты.

Айта кету керек, 2015 жылы ҚР-на 6,8 млн. шаршы метр, 2016 жылы 5,3 млн. шаршы метр ламинат импортталған. Жалпы, қазақстандық нарықтың сыйымдылығы 18-23 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Yildizlar Yatirim Holding» - жылдық айналымы 2 млрд-тан астам  АҚШ доллары болатын түріктің жедел дамитын трансұлттық корпорацияларының бірі. Оның еншілес компаниялары логистика саласында жұмыс жасап, құрылыс материалдарының өндірісін, тыңайту, химия өндірісін, металлургия саласын, жылжымайтын мүлік пен өзге де бағыттарды  жүзеге асырады. Холдинг 20-маға тарта зауыттарға иелік етеді, соның ішінде қазіргі таңда АҚШ пен Румынияға қаржы салады.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі