Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 38 жоба жүзеге асырылады

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына облыс бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аумақтық орталығының бөлім басшысы Динара Кемалова мәлімдеді.

Оның айтуынша өңірде МЖӘ аясында инветстицияның 28 млрд теңгені құрайтын болжамды көлемі бойынша 38 жобаны жоспарлау және оны жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішіндегі 7 жоба бойынша 9,8 млрд.теңгеге келісім шарт жасалған. Сонымен қатар аталған жоба аясында мұз айдыны, жедел-жәрдем бекеті, офтальмологиялық емхана, балалар тіс емханасы, 2 спорт зал мен физика-математика мектебінің жалға алу бойынша ғимараттарының құрылысы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ жалпы құны 9,8 млрд,теңге инвестицияға келісім шарт жасалды. Құны 4,0 млрд. теңге қаражатты құрайтын 2 жобаның конкурсы жарияланды. Олар «Батыс-2» және «Нұр – Ақтөбе» мөлтек аудандарындағы қалалық емхана.

МЖӘ бойынша 5,1 млрд теңге инвестицияның 9 жобасының сараптамасы келісу сатысында.(Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша 8 бала-бақша, Қарғалы ауданы Қосестек аулының мәдениет үйі)

Инвестицияның 9,1 млрд теңге болжамды көлемін құрайтын 20 жобаның құжаттары әзірленуде.

- Өңірде МЖӘ аясында «Алихан» спорт комплексі, 1281 және 1300 ш.м аумақтағы «Олимпиядалық резерві», 220 орынға арналған физика-математка мектеп-интернаты, мүмкіндігі шектеулі және психикалық ауытқушылығы бар балаларға арналған 100 орындық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда, - деді, Динара Кемалова

Өткен жылы аймақтағы орталықтың «Қазақстанның мемлекеттік- жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерімен бірлесіп МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша бірқатар оқыту семинарлары өткізілді.Семинарға облыстың мемлекеттік қызметшілері, бизнес-құрылым және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.

Республика бойынша Ақтөбе облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту әрі осы бағытта жұмыс жүргізу көрсеткіші бойынша екінші орында.

Орталық қызметкерлері тәжірбие алмасу үшін өзге облыстағы әріптестерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Қала және аудан көшелерін жарықтандыру, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнату бойынша да МЖӘ жобалары облыстың болашағы үшін қажет. Сонымен қатар облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп Ақтөбе қаласы мен Алға, Мәртөк, Қобда, Хромтау аудандарында 10 емдеу амбулаториясын салу жоспарлануда.

 

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы