Ақтөбе облысында Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде мыңнан астам іс-шара өткізіледі

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында Ақтөбе облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева хабарлады.

Оның айтуынша «Наурыз мейрамына» арналған мерекелер өңірде наурыз айының басында басталған.

- 21-22 наурыз күндері облыстағы барлық елді мекендерде көптеген іс-шаралар мен халық серуені өтеді. Ақтөбенің жеті алаңында және қаланың бес ауылдық округінде  ұлттық стильде жабдықталған 50 киіз үй тігіліп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіледі, жарыстар мен спорттық ойындар өтеді. 66 мейрамхана мен кафелерде ақысыз дәм татуға болады. Жалпы алғанда, қалалықтар үшін 5 тонна бауырсақ пен 7 мың литр наурыз көже пісірілмек,-деді Маржан Қорғанбаева.

22 наурызда Әбілхайыр хан даңғылында Ғ.Жұбанова көшесінен Тұңғыш президент саябағы ауданының 11 шағын ауданына дейін қаладағы ең үлкен ауыл құрылып, 25 киіз тігіледі. Осыған орай, 21 наурыздың күскі кезінен 22 наурыздың кешіне дейін даңғылдың осы жерлері көлік қатынасы үшін жабық болады.

21 наурызда облыстық филормонияның қазақ камералық хорынан құралған 35 қызметкері Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында концерт береді. Ал Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекаралас аудандарда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар 31 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтетін болады. Бұл күндері Әйтеке би, Қарғалы, Хобда, мәртөк және Хромтау аудандары, сонымен қатар Ақтөбе қаласы мерекені ұйымдастыру үшін өз делегацияларын сол жаққа қарай жібереді. Ресейдің бірнеше елді мекенінде мерекелік киіз үйлер тігіліп, театрландырылған көріністер ұйымдастырылады, спорттық ойындар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, тақырыптық көрмелер өтеді.