Ақтөбе облысында пантомен емдейтін емхана салынуда

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, пантомен емдеу емханасы-санаторийі құрылысының жобасын жеке кәсіпкер Бану Тілегенова жүзеге асыруда.

Осы мақсатта Мәртөк ауылдық округінің аумағында Қазан ауылының маңынан марал өсіру үшін бір гектар жер бөлінді. Жануарлар қыркүйек айының соңында Шығыс Қазақстан облысынан сатып алынып, әкелінбек.

- Бүгінде марал өсіру үшін мал қора мен қоршау құрылысы жүргізілуде. Қазан ауылында сонымен қатар, пантомен емдеу емханасының құрылысына алаңы 1300  шаршы метр болатын жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда екінші қабаты тұрғызылып жатыр. Кәсіпкер "Бизнестің жол картасы - 2020" кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ясында мемлекеттік қолдауға ие болды, атап айтқанда оған 150 млн теңге көлемінде пайыздық мөлшерлеме субсидияланды,-деп жеткізді Қалауов.

 

"Ақтөбе ақпарат" орталығы