Ақтөбе облысында сұйылтылған газды шет елге астыртын өткізумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

You are here

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат " ақпарат орталығы хабарлады.

Үкімет пен Ақтөбе облысы əкімдігінің тапсырмасымен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі ҚР Бас көлік прокуратурасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, облыстық ІІД мен ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен жедел -іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізді.

Бірлескен іс-əрекеттердің нәтижесінде Ақтөбе бекетінде экономикалық контрабанда жасаған, облыс халқының ішкі пайдалануын арналған аса ірі көлемдегі "сұйылтылған газды" өңір сыртына жəне шет елге заңсыз тасымалдап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары (тінту, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстау ) Ақтөбе облысының газ желісі ұйымдарының аумағында өткізілді.

Жаңалықтар таспасы