Ақтөбе облысында сұйылтылған газ тапшылығын жою шаралары қабылданды

You are here

Ақтөбе қаласындағы барлық Автокөлікке сұйылтылған газ құю бекеттерінде сұйылтылған газды жүзеге асыру басталмақ. Мұндай тапсырманы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, сонымен қатар сұйылтылған газды жеткізумен және жүзеге асырумен айналысатын компаниялардың басшылары қатысқан жиналыс барысында берді.

- Энергетика министрлігінің бізге квотаны қажет мөлшерде бөлгендігіне қарамастан соңғы бес күннің ішінде өңірде газбен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Қаңтар-ақпан айларында мұнда мәселе болған жоқ. Ақпан айымен салыстырғанда автокөлік санының артқаны да байқалмайды. Сонда мұндай дүрбелеңнің шығу себебі неде? Біз бұл жағдайдың себебін анықтап, оның болашақта қайталанбау шараларын қабылдауымыз қажет. Жүргізушілерді сұйылтылған газге көшуге көндіреміз, ал өзіміз оларды отынмен қамтамасыз ете алмаймыз,-деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары бөлінген квота өңірдің қажеттілігін толықтай жаба алмайды деп есептейді.

- Министрлік облысқа 5200 тонна көлемінде квота бекіткен. Ол өңірдегі төрт газ желісі ұйымдары (ГЖҰ) арасында бөлінеді. Бұған қоса, облыстың сұйылтылған газге деген қажеттілігі ағымдағы жылы 7 мыңнан астам теңгені теңгені, соның ішінде тұрғындар қажеттілігі 228 теңгені, автокөліктер қажеттілігі 7000 теңгені құрады. Бұл алдымен газге ауыстырылған автокөліктер санының осы кезеңмен салыстырғанда 2016 жылы 20696-дан 31871-ге дейін, яғни 54% артуына байланысты. Сонымен қатар, жағдайға жанама түрде «СНПС-Ақтөбе мұнай газ» АҚ-ның сұйылтылған газ өндірушісі ГЖҰ-мен арадағы келісімшартқа сәйкес 100% алдын ала төлемді талап еткен. Осыған байланысты ГЖҰ мен газ бекеттері арасында өз үлестерін мерзімінде сатып алу мәселесі туындаған.-деді Жаңабай Бексары.

Сонымен қатар, Ақтөбедегі газ тапшылығының бірден бір себебі – ГЖҰ-ның газды Ақтөбе қаласындағы газ бекеттеріне бөлу бойынша балансты бұзуы мен газға алдын ала төлем жасау үшін қомақты түсімді қамтамасыз ету мақсатында талондарды соңғы болып қайта сатуы.

Аталмыш дерек бойынша тиісті органдардың жүргізетін тексерістерінің нәтижесі бойынша қатаң әкімшілік шаралардың қолданылатынын айтқан облыс әкімі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын, табиғи монополияларды реттеу департаментін тиісінше жұмыс жасамай, осындай жағдайды болдырмау шараларын уақытында қолданбағаны үшін сөкті.

- Біз өндіруші компаниялардың басшыларынан қосымша газ көлемін бөлуді өтіндік. Жалпы, бұл саладағы тәртіпті орнатып, есептеуді дұрыс жүргізіп, келесіде мұндай мәселенің туындауына жол бермеу шараларын қолдану қажет. Бүгін, барлық Автокөлікке сұйылтылған газ құю бекеттері

сұйылтылған газды шектеусіз жүзеге асыруды бастаулыры керек,-деп Бердібек Сапарбаев сөзін түйіндеді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы