Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайы - тұрақты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру бойынша тапсырмасынының орындалу мәселелері қаралды.

Тиісті меморандум осы жылдың басында ауыл шаруашылық және ұлттық экономика министрліктері мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында жасалды. Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова өңірдің қол қойылған  меморандум шарттарын толығымен орындап жатқанын атап өтті.

Негізгі азық-түлік өнімдері бағасын әрі қарай да ұстап тұру үшін бағаның төмендеуі мен астық жинау кезеңінде тұрақтандыру қорына 2,3 мың тонна көкөніс сатып алуға келісімшарт жасалып та қойды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 900 мың тоннаға артық. «Ақтөбе» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Өтемістің айтуынша басымдылық жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген, ал сатып алу көлемінің айтарлықтай ұлғаюы халық арасындағы сұраныстың артуына байланысты. Бұдан өзге, бағаны төмендету мақсатында өңіраралық кооперация аясында облысқа 945 тонна көкөніс әкелінді.

Жалпы, аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты,-деп атап өтті Анар Даржанова. Баға белгілеуді бақылау мен талдау үнемі жүргізіледі. Негізінде, бағаның ауытқуы маусымдық және сыртқа шығарылатын азық-түлік тауарларында байқалады.

Баяндаманы тыңдап шыққан Бердібек Сапарбаев импорт алмастыру шараларының, соның ішінде өңірге көп бөлігі өзге елдерден әкелінетін азық-түлік өнімдерін өндіру жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оларға құс еті, қатты ірімшіктер, кондитерлік өнімдер жатады.

- Бағаны тұрақтандырудың жақсы құралы болып өңіраралық кооперация да табылады, бастысы – алыпсатарларды аластатып, өңірлермен тікелей жұмыс істеу қажет. Облыстағы өндіріс кәсіпорындары толық қуаттылықта жұмыс жасаулары тиіс,-деген тапсырма қойды аудандық тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыруды тапсырған Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, отырыс барысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2000 адамнан астам тұрғыны бар аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, қалалар мен ауылдық округтерде тәуелсіз бюджетті және коммуналдық меншікті жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.

Бұдан бұрын бюджеттің төртінші деңгейін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Соған сәйкес Ақтөбе қаласы мен  аудан әкімдіктеріне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін тіркелмеген жылжымайтын және жылжымалы мүлік нысандарын анықтау тапсырылды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева аудандардың денінің белгіленген мерзім ішінде тындыра алмағандықтарын жеткізді. Бұдан басқа, әкімдіктер мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған деректер жиі түрленеді. Осыған байланысты Б.Сапарбаев тіркелмеген нысандарды анықтау үшін мобильді топ құруды тапсырды.

- Алдымен, бір ауданды тексереді, егер есептерде көрсетілген және мобильдік топтар анықтаған нысандардағы сандарда үлкен айырмашылық болса, осындай инвентаризация облыстың басқа аудандарында да ұйымдастырылатын болады,-деді аймақ басшысы.

Облыс бюджетінің осы жылғы 1 қыркүйектегі орындалуы жекелей қаралды. Г.Сүйінтаеваның айтуынша, есептік кезеңде облыстық бюджеттің нақты орындалуы кірістер бойынша 110,2%, шығындар бойынша 99% -ды құраған. Өңір басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне қаржы жоспарларына сәйкес толық және тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспсөз қызметі