Ақтөбе облысында 8 наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар басталды

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 30 үздік жұмысшысын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, 2016 жылдың 6 маусым айында болған лаңкестік оқиғада қаза тапқан Андрей Максименко мен Михаил Матросовтың аналарын және Николай Онищенконың жұбайына құттықтап кіріп шықты.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өңір басшысы өндіріс озаттары мен көпбалалы аналарды құттықтады. Қазіргі таңда кәсіпорында төрт мыңнан астам адам еңбек етсе, оның 921-і – нәзік жандылар. Әйелдер қауымы ерлерге бергісіз жұмыстарды атқарады: олар токарь, сорғы қондырғысының, кранның машинисі сияқты өзге де мамандықтарды игеріп, өндірісте тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Соған қарамастан олар нәзік қалпын сақтап, отбасының ұйытқысы болып қала береді.

Айта кетсек, зауыттың 24 нәзік жанды жұмысшысы төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналар. Олардың барлығы да «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Кейбірі спортта бақтарын сынап, әр түрлі спорттық сайыстарға белсенді қатысып жүр.

Бүгін зауыттың үздік қызметкерлерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

- Сіздің зауыт өңір экономикасын өркендетуге, қоғам тұрақтылығын дамытуға зор үлес қосуда. Осы орайда, зауыттың еңбек ұжымының, әсіресе әйелдер қауымының қосқан үлесін атап өткім келеді. Осының арқасында 2016 жылы жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Төрт цехта өндіріс көлемінің екі есе көбейетінін ескерсек, бұл көрсеткіш әрі қарай да артады деп ойлаймын. Отан отбасынан басталады: сіздердің үйлеріңізде де тамаша жар, ана болып, балаларыңызға жақсы тәрбие беретіндеріңізге, олар үшін барлық жағдай жасайтындарыңызға сенімдімін. Осылай біз мемлекет басшысының 30 бәсекелестікке қабілетті ел қатарына қосылу туралы тапсырмасын тезірек орындайтын боламыз,-деді облыс әкімі кездесу барысында.

Кейін Бердібек Сапарбаев 5 маусым күні болған лаңкестік оқиға кезінде қаза болған Николай Онищенконың жары мен Андрей Максименконың және Михаил Матросовтардың аналарын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында облыс әкімі олардың отбасыларына қажет болған жағдайда барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ақтөбелік қоғам қайраткерлері Бердібек Сапарбаевтың халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдер Әлемінің жарығы» атты ауқымды акциясын өткізу туралы бастамасын қолдауға шақырған болатын.

Акция барлық нәзік жанды адамзат иесіне құрмет көрсетіп, назар аударуға шақырады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы