Ақтөбе облысының ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 19 медициналық мекеме ашылды

Ақтөбе облысында Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шаралар өтуде.

Өткен жылы өңірде 26 медициналық мекемені, оның ішінде 21-ін ауылдық жерлерде салу бойынша әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды жүзеге асыру басталды. Бүгін К.Нокин атындағы ауылда кезекті дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл облыс ауылдарында соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындасалынған 19-шы медициналық мекеме.

- Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ішінде денсаулық сақтау саласын дамытудың ауқымды шаралары жүргізілді. Осы мақсатта өңірде медициналық мекемелер салынып, ақпараттық жүйелер, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде. Оңтүстік Корея, АҚШ, Израиль, Түркия, Германия елдерінің жетекші клиникаларымен әріптестік жолға қойылды. Шетелдік инвесторлар медициналық кластер жанынан Chek-up орталығының, позитронды-эмиссиялық томография орталығының, балалар онкологиялық ауруханасының құрылысын бастады. Мемлекет басшысының тиімді саясатының нәтижесінде ақтөбеліктердің орташа өмір сүру жасы 73,8-ге жетті. Осының өзі біздің үлкен жетістігіміз болып табылады, - деді денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Бердібек Сапарбаев.

Амбулаторияның алаңы шамамен 450 ш.м. құрайды. ауылдық дәрігерлік амбулаторияныңбілікті қызметкерлері ауылдағы және жақын маңдағы аудандардағы 7,3 мың тұрғынға медициналық, стоматологиялық көмек, физиотерапевтік және процедуралық қызметтер көрсетеді,күндізгі стационар жұмыс жасайды. Жоспарланған қуаты - ауысымына 50 келуші.

Сонымен қатар, осы күні Ақтөбе қаласында «Сіздің денсаулығыңыз - өз қолыңызда» стеласы ашылды. Өмір, моральдық және рухани құндылықтарды бейнелейтін мүсіндік композицияөткен жылы медицина қауымдастығының қаражаты есебінен салынған денсаулық саябағына орнатылды. Стела алақанмен мұқият қорғалған жүрек түрінде жасалған. Осылайша, жаңа мүсін композициясы халықтың өз денсаулығына, атап айтқанда, ең маңызды патология - қан айналымы жүйесі ауруларына назар аударуға бағытталған.

Іс-шараға университеттің профессоры Ёнсе Чан Хан Сок қатысып, Ақтөбе дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Бақытты бала» акциясының аясында Оңтүстік Кореяның маманы екі жетім балаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарын 100 мың теңгеге толықтыру үшін сертификаттар табыс етті.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі