Ақтөбе облысының бюджет комиссиясы

 

Ақтөбе облысының бюджет комиссиясының құрамы

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

облыс әкімі, төраға

Биахметов  Асқар Сақтағанұлы

облыс әкімінің орынбасары, төраға орынбасары

Ерғалиева Айгүл Әбілхамитқызы

«Ақтөбе облысының экономика  және бюджеттік  жоспарлау басқармасы»  ММ басшысының орынбасары,  хатшы

комиссия мүшелері:

   

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы

облыс әкімінің орынбасары

 

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы

Төлегенов Жақсат Сәндібайұлы

Айдашева Рузия Әдиетқызы

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ басшысы

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасы» ММ басшысы

Дәулетова  Алтын Орымбайқызы

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы

Әмренова    Дина   Бекқызы

«ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» ММ басшысы (келісім бойынша)

Мамаев Талғат Шариұлы 

Тұрлыханова Гүлмира Болатқызы

«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» ММ басшысы (келісім бойынша)

«ҚР Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаменті» ММ басшысы (келісім бойынша)

Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы

Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша)

Ибраев  Асан  Сағынғалиұлы

облыстық мәслихат депутаты, облыстың экономика, қаржы және бюджет бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшесі (келісім бойынша)

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Ақтөбе облысының  бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

3. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган болып табылады.

 

 2. Комиссия қызметінің мақсаты

4. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

5.   Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

1)  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының  болжамы  жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) облыстық  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3)  жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасы көрсеткіштерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5)  облыстық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

6)  бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7)  бюджет кодексінде және осы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

6.  Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)  комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттарын;

мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;

объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге аудандар, облыстық маңызы бар қала бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;

2)   комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар)  жергілікті атқарушы органдарының  қарызға алуын;

бюджеттік мониторинг нәтижелері және жүргізілген бағалау нәтижелерін;

жергілікті атқарушы органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе жою туралы ұсыныстарын;

облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары,  бюджеттік өтінімдер жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;        

жоспарлы кезеңге облыстық бюджет туралы шешім жобасын;

жергілікті немесе аудандық бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын көздейтін жергілікті атқарушы органдардың шешім және қаулы жобаларын;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін жасаған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемін;

облыстық  бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерге  берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемін;
облыстық бюджетін нақтылау, секвестрлеу және түзету;

жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;
бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу;

концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемін;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар;

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

 4. Комиссияның құқықтары

 

7.  Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

1) жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

2)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

4) комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

5)  комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға;

6) облыстың бюджеттік комиссияның жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартуға құқығы бар.
 

 

Қосылды: 
10.08.2016 - 15:41
Соңғы өзгерiстер: 
16.08.2017 - 09:53