Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы болып Ләззат Оразбаева тағайындалды

 

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы болып Ләззат Оразбаева тағайындалды

Ләззат Оразбаева Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Оразбаева Ләззат Аманжолқызы 1971 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің жалпы техникалық пәндер мен физика пәнінің мұғалімі мамандығы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін  құқықтану мамандығы бойынша, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетінің педагогика және психология магистрі біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры, «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарған.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.