Ақтөбе облысының делегациясы, I Еуразиялық Digital-конференциясына қатысты

26-27 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының делегациясы, I Еуразиялық Digital-конференциясына қатысты.

Шараның ұйымдастырушылары Орынбор облысының Экономикалық даму, өнеркәсіп саясаты және сауда министрлігінің қолдауымен «Опора России» шағын және орта бизнестің Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Орынбор облыстық филиалы. Іс-шара «Армада» мега-орталығының бизнес орталығында өтті.

Конференцияда бизнесті насихаттау, интернет-маркетинг, көпшілік маркетинг, SEO, әлеуметтік желілер, интернет-дүкендер, бренд-журналистика, контекстік жарнама тақырыбындағы мәселелер талқыланды. Беделді іс-шара қатысушыларға жаңа серіктестіктермен байланыс орнатуына және студенттерге бәсекелі ортада маңызды артықшылықтарға қол жеткізу жолдарын ұсынды.

Шара барысында компаниялар көрмесі, контактілер биржасы, желілік байланыс (іскерлік байланыстар желісі) және мастер-кластар өткізіліп, конференцияға Ресей, Қазақстан және ЕАЭС елдерінен 36 баяндамашы және 1500 қатысушы қатысты. Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасымен ұйымдастырылған бұл сапарға облыстың 40-тан астам кәсіпорындарының өкілдері қатысты