Ақтөбе облысының діни ахуалы

You are here

«Рухани келісім» күні мерекесі
«Рухани келісім» күні мерекесі

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы аумағында 89 тіркелген діни бірлестіктер мен филиалдар қызмет атқаруда, олардың 65- мұсылман қоғамы (мешіттер), 8 - православие, 2-католик, 13-протестанттық,                     1-дәстүрлі емес («Кришна санасының Ақтөбе қоғамы»).  Облыста 10 миссионер қызмет етуде. Сонымен бірге, облыс аумағында  82 діни ғимараттар мен ғибадатханалар және 21 діни әдебиеттерді тарату үшін тағайындалған арнайы стационарлық орындар мен 2 намазхана тіркелген.

«Нұр-ғасыр» мешіті
«Нұр-ғасыр» мешіті

2009 жылдан бастап  Алға ауданының Бестамақ селосында діни оқу мекемесі «Ақтөбе медресесі» қызмет атқаруда. Қазіргі таңда аталған медреседе 7 ұстаз 60  шәкіртке білім беруде. Олар Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарынан білім алушы шәкірттер болып табылады.

Сонымен қатар, облыс мешіттерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ-мен біріге отырып, бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басынан бері «Аңсар» орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің теолог-мамандарының арнайы қатысуымен облыс имамдарының біліктілігін арттыруға бағытталған 2 семинар өткізілді.

Сондай-ақ, қала және бірқатар аудандық мешіттерде орталықтандырылған «Скайп» жүйелері қондырылған. Аталған жүйе арқылы маңызы бар теологиялықмәселелердіжарыққа шығара отыра, «Ансар» оңалту орталығы және ҚМДБ өкілдерінің қатысуларымен ел арасында дәстүрлі ислам дінін насихаттау шаралары өткізілуде.

Әулие Николай кафедралды соборы
Әулие Николай кафедралды соборы

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруүшін облыс көлемінде кешенді жоспар жасалып, кеңінен іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылдың 3 наурызындағы № 53 қаулысымен «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанынан «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Аңсар» АТО) ашылды.  

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты - қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың конфессияаралық  келісімді нығайтудағы және діни төзбеушілік пен экстремизм көріністеріне қарсы бірлескен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету және тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру. Сонымен қатар, діни сауаттылықты көтеру, діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу болып табылады.

Мекемеде штаттық кесте бойынша жалпы саны 15 қызметкер жұмыс жасайды. Соның ішінде 12 қызметкер орталықта болса, қалған 3 қызметкер діни ахуалы күрделі деп танылған аудан (Шалқар, Темір, Мұғалжар) орталықтарында  қызмет етуде.

Нурлан Емрекбаевтың Ақтөбе медресесімен кездесуі
Нурлан Емрекбаевтың Ақтөбе медресесімен кездесуі

Қазіргі таңда аймақта құрамында  210 мүшеден тұратын 14 (облыстық, қалалық және аудандық) ақпараттық-түсіндіру топтары қызмет атқаруда. Облыстағы ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін жүйелі және тиімді ұйымдастыру мақсатында тоқсан сайын «Аңсар» орталығы тарапынан топ мүшелеріне арнайы семинарлар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қатысуларымен әр түрлі форматтағы 1756 шара ұйымдастырылып, 54 мыңнан астам адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың басым көпшілігі жамағаттар мен жастарға  бағытталған мақсатты кездесулер болып табылады.

Облыс аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түзету орындарында діни экстремизм, лаңкестік және сепаратизм ілімінің таралуына қарсы және оның алдын алу  мақсатында  бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жергілікті ҚМДБ өкілдері мен «Аңсар» орталығы теологтардың қатысуларымен тұрақты шаралар ұйымдастырылуда.  Өткен есептік кезеңде облыс көлемінде орналасқан түзету мекемелерінде жалпы саны  225 шара ұйымдастырылып, соның ішінде 178 мақсатты жеке кездесулерге бағытталды.

«Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы
«Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы

Дiни салада мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатындағы облыстық медиа-жоспар  аясында жыл басынан бастап өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары  мен электрондық басылымдарға (интернет сайттарына)  жалпы саны 615 (311 басылымдарда, 304 интернет сайттарында) мақала мен түрлі форматтағы ақпараттар орналастырылып, жергілікті телеарналарға 34 сұхбат ұйымдастырылды.  

«Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы
«Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы

Одан өзге жат ағымдардың әкелер зардабы, рухани құндылықтар, мемлекет және дін сынды тақырыптарда 17000 дана брошюралар мен парақшалар, буклеттер шығарылып, халық арасындатаратылуда.

Өңірден діни білім алуға талпыныс білдірген жастарды отандық оқу орындарына бағыттау мақсатында 2014 жылы 20 маусымында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында орналасқан Ресей Ислам институты (РИИ) мен Ақтөбе облысы «Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында қашықтықтан білім беру бойынша екі жақты келісім-шартқа қол қойылды. Аталмыш оқу орны арқылы теологиялық мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіншілік жасалып, бүгінгі таңда «теология»  мамандығы бойынша  37 талапкер білім алуда.

Жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан шаралар дәстүрлі емес ағымдардың ықпалын бәсеңдетуге және аймақта діни ахуалдың тұрақтандыруына өз үлесін қосуда.

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы

Жаңалықтар таспасы