Ақтөбе облысының дәрігерлермен қамтылуы 4%-ға өскен

Өңірдің медицина кадрлерімен қамтылуы облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиынның басты тақырыбы болды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелерде қазіргі таңда3,8 мыңнан аса дәрігерлер мен 7,6 мың орта буынды медицина маманы бар.

Жыл басынан бері халықтың дәрігерлермен қамтылуы4%-ға өскен. Орташа алғанда 10 мың адамға 33 маманнан келеді. Аталмыш көрсеткіш бойынша облыс елдегі өзге өңірлер арасында төртінші орында. Соған қарамастан, қазіргі сәтте облыс бойынша 76 дәрігер жетіспейді,- деп жеткізді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Жиын кезінде өңірге денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарды тарту шаралары талқыланды. Атап айтқан, әңгіме өтемақы төлемдері мен баспанамен қамтасыз ету түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жайында болған. Сондай-ақ, облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына М.Оспанов атындағы БҚМУ-мен жетіспейтін мамандарды даярлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

- 2020 жылға дейін барлық елді мекендер медициналық мекемелермен қамтамасыз етілетін болады. Ақтөбенің өзінде ашылып жатқан жаңа емдеу мекемелері аз емес. Барлығына да мамандар қажет болады,- деп атап өтті өңір басшысы.

Жиынның күн тәртібіндегі екінші тармағы аясында Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дастан Аманов жылыту маусымына дайындық туралы есеп берді. Оның сөзінше жылыту маусымы үздіксіз өту үшін 40 466 тонна қатты және 3 957 тонна сұйық отын сатып алу қажет. Бүгінде облысқа 11,6 мың тоннадан аса қатты (29%) және 210 тонна сұйық (5%) отын жеткізілген. Отынның нормативті қорын жасау үшін барлығы 1,4 млрд. теңге аударылады. Облыс әкімі өңірге отын жеткізуді неғұрлым ертерек аяқтап, оның халыққа сатылатын бағасын барынша арзандатуды тапсырды.

- Баға белгілеуге мұқият назар аударыңыздар. Жылыту маусымына дайындық штабы қазірден бастап өте белсенді жұмыс істеулері тиіс. Сондай-ақ, аудандарға шығып, сол жерлерде ағымдағы жағдайлармен танысатын жұмыс тобын құру керек,- деп тапсырды облыс әкімі. Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық кезінде облыс бойынша жопарланған 580 қазандықтың ендігі 393-і (68%), сонымен қатар, 71,7 (29%) шақырымдық жылу желілері, 210,5 шақырымдық сумен жабдықтау және су тарту (43%) желілері, 103,6 шақырымдық электрмен жабдықтау желілері, 761 (48%) әлеуметтік нысан жөнделді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан басқа, өткен айда облыс аудандарында 607 әлеуметтік нысанды жылумен қамтып отырған 574 автономиялық қазандықты тексеру аяқталды. Д.Аманов хабарлағандай, бүгінде тексерілген қазандықтардың 60%-ы резервті қуат көзімен қамтамасыз етілген.

Жиын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бірінші жарты жылдық ішіндегі қызметінің қорытындысын қараумен аяқталды. Бердібек Сапарбаев мекеме жұмысына оң баға берді, бірақ бірқатар ескертулерді де жасады. Осылайша, құрылыс нысандарындағы абаттандыру ережелерінінің сақталуын бақылау жағын күшейту қажеттілігі көрсетілді. Сондай-ақ, басқармаға бюджеттен қаржыландырылатын барлық құрылыс жобалары бойынша жұмыстардың құнына талдау жасау тапсырылды. Атап айтқанда екі ұқсас жобаның жұмыс құнында 100% айырмашылық болғандығы туралы дерек орын алған.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі