Ақтөбе облысының сотына жаңа төраға тағайындалды

 

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы тағайындалды.

28 желтоқсан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің сот корпусына жаңа басшыны таныстырды.

Шараға облыстық сот алқалары мен судьялары, қалалық соттардың төрағалыры мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Өңір басшысы жаңа төрағаны тағайындалуымен құттықтап, сот төрелігін нығайту ісіне табыс тіледі.

Ол сондай-ақ, облыстық сот төрағасына сот жүйесі органдарының "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасының жаңа кезеңдеріне, сонымен қатар, облыс басшылығының, құқық қорғау органдарының өңір халқымен  көшпелі кезедсулеріне әрі қарай қатысуын қамтамасыз ету туралы ұсынысын айтты.

Бердібек Сапарбаев: «Бастысы – облыстың сот жүйесінде қатаң тәртіп болу керек»,- деп атап өтті.

Сәкен Абдолла талмыш қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Әскери сотының төрағасы болды. сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі - 18 жыл.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Было принято вопросов: