Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары технологиялық жаңғыртуға 400 млрд. теңге инвестиция салмақ

26 қазан, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпорындардың технологиялық жаңғырту барысымен танысты.

Атап айтқанда, Бердібек Сапарбаев «Энергосистема» ЖШС және Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды. Өндірістік нысандарда аймақ басшысы  технологиялық жаңғырту жүргізілуі тиіс барлық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін наурыз айында кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған жол картасы бекітілді, онда инвестициялардың нақты сомасы, мерзімдері мен күтілетін нәтижелері көрсетілген. Облыстың жиырма ірі кәсіпорынымен өндіріске цифрлық технологияларды енгізу және жаңғырту  бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Бұл ірі кәсіпорындардың қызметіне, тұтастай алғанда, облыс экономикасының дамуы тәуелді деуге болады.  Жыл соңына дейін олар техникалық қайта жаңғыртуға 12 млрд. теңге қаржы салуы тиіс. Біз «Энергосистема» ЖШС мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы цехтардың жұмыс нәтижесімен таныстық. Нәтижелері жаман емес», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов технологиялық жаңғырту нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсіп келе жатқанын айтып өтті.

Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде өсу байқалды. Аймақтың өнеркәсіп саласының ҚҚК  жалпы көлемі 104,7% құрады. Ақтөбе облысы өңдеу өндеркәсібі бойынша елімізде бірінші орынды иеленді. Жалпы биылғы жылы 20 кәсіпорын 12 млрд. теңгеге жаңартылатын болады. Бүгінгі таңда 15 кәсіпорында жалпы құны 9,5 млрд. теңге болатын жұмыс аяқталды, жылдың аяғына қарай тағы бес кәсіпорын 2,5 млрд. теңгеге технологиялық үдерісін жақсартады деп күтілуде.

Атап айтқанда, «Восход-Ориел» ЖШС жалпы қуаты 4 МВт болатын екі генераторлық қондырғыларда газды поршенді электр станциясын орнатып, құрғатылған материалдар қоймасы жаңғыртылды, инвестициялардың жалпы көлемі 1,3 млрд. теңгеден асып жығылады. «Энергосистема» ЖШС-нің 1,1 млрд. теңгені құрайтын жоғары вольтты қосалқы станцияларының жабдықтарын жаңғырту және қайта құру жұмыстары үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

«ПП Технодом СТ-КЗ» ЖШС-де құны 600 млн. теңге болатын тіркеме техникасын, газ тасығыштарды, бензин тасығыштарды өндіретін құрал-жабдықтар желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. «АЗХС» АҚ-да хромды өндірістік прцесстен автоматтық тәртіпте айыруды жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа фильтр-пресстер қондырылуда.

«Трансэнерго» АҚ-да 2,8 млрд. теңгеге тоқтаусыз жылумен жабдықтауды, жылу шығыны мен желілердің тозуын төмендетуді қатамасыз ететін қазандық және жылу желілерін қайта құру мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша жаңғыртудан еңбек өнімділігін 12,5% арттыру, өнімнің өзіндік құны мен қайта өңделуін төмендету, жарақаттануды 10% азайту, сонымен қатар, жаңа желілерді іске қосу есебінен шығарылатын  өнімнің экологиялық жағдайын жақсарту мен таңдауын кеңейту тиімділігі күтілуде.

Жақын арадағы бес жылда кәсіпорындар құрал-жабдықтар мен процесстерді жаңғыртуды кем дегенде 400 млрд. теңгеге жүргізетін болады.

Ірі кәсіпорындар сондай-ақ, 4.0  индустрияландыру элементтерін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін өндірілетін өнімнің қосымша өсімі мен өндірістік-басқару технологиясының жаңа деңгейге көтерілуі күтіліп отыр.

«Жалпы модернизация процесі жаман жүргізіліп жатқан жоқ. Алайда көрсеткіштерді орындауда артта қалып бара жатқан кәсіпорындар да бар. Президент тапсырмасын орындау үшін барлық шараларды қолдануларыңызды сұраймын, мойындарыңызға алған міндеттердің барлығы орындалуы тиіс. Жалпы ел экономкасының дамуы технологиялық жаңғыртуға байланысты, сіздердің өндірген өнімдеріңіз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Жаңғыртуға барлы сала қатысуы керек, соның ішінде әлеуметтік сала да. Бұл сіздердің «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде танысқан жобаларыңызға да қатысты, үздік тхнологиялар жергілікті өндірістерге енгізілулері тиіс. Біз өз тарапымыздан қажетті көмек пен қолдауды көрсететін боламыз», -деп атап өтті обыс әкімі.

Көшпелі жиынның қорытындысын түйіндеген өңір басшысы жұмыс пен қызметті сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру қажеттігіне, ШОБ субъектілерін қолдауға және барлық жоспарланған өндірістік көрсеткіштерді орындауға баса назар аударды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі