Ақтөбе облысының әкімдігінде жаңа тағайындау

You are here

Ақтөбе облысының әдеп жөніндегі өкілі болып Ризагүл Омарова тағайындалды.

Ризагүл Омарова – білімі – заңгер, Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, сондай-ақ, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Ризагүл Омарова әдеп жөніндегі өкіл қызметінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау және тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталу мәселелері бойынша кеңес береді, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласында, жемқорлыққа қарсы әрекет етуде және Әдеп кодексінде ҚР заңнамасы бұзылуының алдын алу және жол бермеу мақсатында, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара әрекет етеді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы