Ақтөбе облысының әкімдігі мен Еуразиялық топ (ERG) әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александар Машкевич «казхром» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.

- 2016 жылы жалпы алғанда өңір мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындап, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеді. Бұл орайда «Қазхром» ТҰК АҚ еңбегі зор. Компанияның облыс экономикасын дамытудағы маңызы ерекше, 12 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып, өңірдегі негізгі салық төлеушілердің бірі болып табылады. Ең бастысы бүгінде экономикалық дағдарыс жағдайында адамдарды жұмыспен қамтудың ең тиімді шараларын қолданып, жұмыссыздыққа жол бермеу. «Казхром» өзіне жүктелген 40 млрд. теңге инвестиция тарту, қазақстандық мазмұндағы үлес көлемін ұлғайту, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша барлық міндеттерді орындады,-деді облыс әкімі.

Соңғы бес жылда Еуразиялық топтың Ақтөбе облысындағы әлеуметтік инвестициялары 17 млрд теңгені құрады. Олардың ішінде демеушілік пен қайырымдылық үшін бөлінген қаржы ғана 5,3 млрд. Теңге құрайды. Осы қаражатқа жолдар асфалтталып, инженерлік желілер салынуда, жарықтандыру және жасыл желектендіру жұмыстары жүргізілуде, балабақшалар жөнделуде, спорттық клубтар дамытылуда.

Келісімшарт аясында қаржыландырылған ең ірі жоба – құны 1,8 млрд. теңге болатын облыстық шығармашылық академиясының құрылысы. Александр Машкевич аталмыш әлеуметтік нысанды жүзеге асыру үшін қосымша 580 млн. теңге бөлінетінін айтты.

- Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында МЖС-нің инфрақұрылымдарды, соның ішінде әлеуметтік жобаларды дамытуда негізгі механизм болу керектігін атап айтқан болатын. Біз көптеген ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырдық, енді туған өлкеміздің мәселелерін анықтап, шешу үшін кешенді ықпал етуге тырысудамыз. Алдымен, жекелеген нысандарды қалпына келтіру мен салудан қаланың кешенді дамуына облыс әкімдігімен бірге өту қажет. Қалалықтардың ( олардың бір бөлігі біздің жұмысшыларымыз болып табылады) қолайлы өмір сүрулерін үшін жағдай жасау керек,-деді Александр Машкевич.

Меморандумға қол қою рәсімінен соң облыс әкімі Еуразиялық топтың өңірдегі жасыл желектендіру, «Қазхром» автопаркінің сұйылтылған газға ауысуы, тұрғын үй құрылысы сияқты өзекті мәселелерді шешу бойынша міндеттерді өз мойнына алатынын, бұған

қоса, меморандум аясында Хромтауда мемлекеттік-жеке серіктестік сызбасы бойынша 320 орындық балабақшаның салынатынын айтты.

-Ағымдағы жылы АЗФ ауданында құны 3 млрд теңге болатын өтпе жол мен жаяу жүргінші көпірінің, сонымен қатар Мәртөктен Қобдаға бағыт ұстайтын айналма жолдың құрылысы басталады. Аталған меморандум ақтөбеліктер үшін жақсы қолдау болмақ,-деп сөзін түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімдігі, «Қазхром» ТҰК» АҚ және «Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқығы мен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім өндіріс кешенінің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға және қызметкерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету шараларын қолға алуға шақырады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.