Ақтөбе облысының әкімдігі мен құрылыс материалын өндірушілер арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысы құрылыс көлемін әрі қарай ұлғайтуға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді пайдаланудың арқасында 2017 жылы өңірде 780 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6200-ден аса отбасы жаңа қоныстарын тойлады.

- Өткен жыл құрылыс тұрғысынан рекордтық деңгейге жетті. Жазда - жұмыс қызып жатқан кезде кірпіш тапшылығы сезілді. Тек көрші өңірлерден ғана емес, Ресейден де тасуға тура келді. Биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, біз кірпіш пен өзге құрылыс материалдарына деген қажеттілікті жергілікті өндіріс есебінен жүргізгіміз келеді,-деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов кірпіш пен «Экотон» газ блоктарын шығаратын ақтөбелік жеті кәсіпорынмен меморандумға қол қойылған жиналыс кезінде.

Меморандумға сәйкес, өндірушілер өз өнімдерімен, ең алдымен, облыстың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар өндіріс қуаттылығын 100% жүктеуге міндетті.

Бүгінде өңірдегі кәсіпорындар жыл сайын 148 миллион кірпіш пен 210 мың текше «Экотон» газ блогын шығара алады. 2018 жылдың екінші жартысында қуаттылығы жылына 120 миллион кірпішті құрайтын жаңа кірпіш зауыты ашылады деп күтілуде.

Серік Төленбергеновтың айтуынша жаңа өндіріс іске қосылысымен құрылыс материалының аталмыш түріне деген ішкі қажеттілік толықтай қанағаттандырылатын болады, ал артылғандары болса, көрші өңірлерге жеткізу жоспарланған.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі