Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс ұстаздарын құттықтады

You are here

Бүгін дүниежүзілік ұстаздар күні. Кәсіби мерекеге орай, білім саласындағы ерен еңбегі үшін бір топ ақтөбелік мұғалімдер, ардагер - ұстаздар еліміздің білім және ғылым министрлігі, Ақтөбе облысының әкімі және салалық кәсіподақтың алғыс хаттары, төсбелгілері, грамоталарымен марапатталды. Салтанатты жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздар қауымын құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімдердің зор қызметіп атап өтті.

Ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Жылына бір мәрте келетін мерейлі мереке, БҰҰ-мен бекітілген. Бүгінгі салтанатты шарада "Қазақстан - Ақтөбе" телекомпаниясы дайындаған   қысқаша фильм көрсетілді. Онда, әрбір мамандық иесінің ұлағатты ұстазға деген ілтипаты мен пейілі анық көрінді. Кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, барша мұғалімдер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, ұрапақ тәрбиелеуде мұғалімнің зор еңбегін атап өтіп, елдің болашағын қалыптастыруда мәртебелі мамандық иелерінің қызметін өлшеусіз деді. Білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып, алдағы уақытта да ұстаз мәртебесіне зор көңіл бөлінетінін айтты.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шара барысында, облыс әкімі бір  топ білім саласы қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Олардың арасында ерен еңбек етіп шәкірттерін үздік жетістіктерге жетелеген ұлағатты ұстаздар, ардагерлер бар. Сондай-ақ, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгілерімен аудан мектептерінен келген мұғалімдер мен балабақша қызметкерлері мапапатталды. Ал, облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова, білім және ғылым министрінің алғыс хатымен және Құрмет Грамотасымен марапаттады. Мерейлі мерекені үлкен жетістікпен қарсы алып отырмыз деген басқарма басшысы, алдағы уақытта да мемлекет тарапынан білім саласына ерекше қолдау болатынын жеткізді.

ЖАНАТ САМҰРАТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі салтанатты шараға білім саласының ардагерлері де қатысты. Солардың бірі, 40 жылға жуық ұстаздық қызмет атқарған Салима Сағызбаева. 1963 жылы Байған.ин ауданындағы Сағыз орта мектебінде алғашқы еңбек жолын бастаған ұлағатты ұстаз, құрметті зейнет жасына жеткенше білім ордасында талай шәкіртті тәрбиелеп өсірді. Сәлима Опақызанан тәлім тәрбие алған біліммен сусындағын шәкірттері, алғашқы ұстазына сый-сияпат көрсетті.

САЛИМА ОПАҚЫЗЫ, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының білім беру саласында 25 мыңға жуық қызметкер еңбек етуде. Олардың басты міндеті жеткен жетістіктерімізді одан әрі еселеу дейді білім басқармасының мамандары

Қосылды: 
05.10.2015 - 17:17
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 14:34

Жаңалықтар таспасы