Ақтөбе облысының әкімі Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келді.

Президентке облыстық шығармашылық академиясы таныстырылды. Алаңы 13 мың шаршы метрлік, жобалық қуаты мың орынды құрайтын әлеуметтік нысанды «Қазхром»АҚ ТҰК  «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында салған болатын. Жобаның құны - 1,5 млрд.теңге.

Мемлекет басшысы көрермендер залын, қыш-құмыра техникасы шеберханасын, телестудияны тамашалап, автомодельдеу және аэромодельдеу үйірмелерінің жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Нұрсұлтан Назарбаевты 2017 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуға және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалуы туралы хабардар етті. Осы есептік кезеңде облыс экономикасы кемінде 4% өсті.

Экономикалық өсуді барлық секторлар қамтамасыз етуде.  Өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,9% (өңдеу өнеркәсібінде - 109,7%), ауыл шаруашылық өндірісінде - 102,7%, инвестицияларда - 130% деңгейде болды. Құрылыс кешеніндегі жұмыс көлемі 111,9% құрап, 337 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға берілді.

Кәсіпорындарды жаңғырту аясында отыз ірі компания мен мамандарды жетілдіру және қайта даярлау үшін іс-шара жоспарына қол қойылды.  Бүгінгі таңда он кәсіпорын жаңғыртылды. 2017 жылы  жалпы сомасы 18 млрд теңге тұратын жиырма компанияны жаңалау мақсаты қойылған. Бұдан еңбек өнімділігі 12% артып, өнімдерді өндіру мен қайта өңдеудің өзіндік құны 3% төмендейді және жарақаттану деңгейі қысқарады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылдың бірінші тоқсанынының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өндірісінің облыс экономикасына қосқан үлесі 17,5%-дан 10,8% дейін өсті.

Экономиканың өсуі және әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыспен қамтылуды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Атап өтсек, жұмыссыздық 4,8% деңгейінде сақталып тұр, 11,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Облыс әкімі сондай-ақ, мемлекет басшысын «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының осы аттас арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған «Туған жер» республикалық форумының нәтижелері туралы хабардар етті. Форум Ақтөбе облысының 21 елден келген 300-ден аса белгілі тумаларын жинады. Форумның қорытындысы бойынша 25-тен астам жоғары технологиялық күрделі операциялар, жүзден астам кездесулер, семинарлар мен жаттығу сабақтары өткізіліп, жалпы құны 76 млрд. теңге тұратын жиырмадан астам меморандумға қол қойылды, сонымен қатар, форум қатысушылары аймақтың дамуына тағы 5 млрд. теңге көлемінде демеушілік көрсетпек. Осылайша, республикалық форум  «Туған жерге тағзым» акциясының ауқымын кеңейту үшін қуатты серпін берді.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жөніндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы да баяндады, оның аясында өңірде 50 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 125 жоба жүзеге асырылуда.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы