Ақтөбе облысы «Ақтөбе - құтты мекен» жерлестер форумын өткізуге дайындалуда

Қыркүйек айының соңында Ақтөбе облысында осы өңірден шыққан, бүгінгі күні жер шарының түкпір-түкпірінде жүрген  үш жүзден аса қатысушы келеді деп күтіліп отырған «Ақтөбе – құтты мекен» жерлестер форумын өткізу жоспарлануда.

Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен бүгінгі жиында сервис пен қызмет көрсету нысандарының қазіргі жағдайы талқыланды.

- «Туған жер» деп ұрандатқан үлкен халықаралық ауқымдағы іс-шараны республикада алғашқылардың бірі болып өткізбекпіз. Қыркүйектің соңында бізге 15 елден үш жүзден аса адам келеді деп күтілуде. Біз оларды лайықты қарсы алып, тәуелсіздік жылдары ішінде болған барлық позитивті өзгерістерді көрсетуіміз қажет,-деді мейрамхана-қонақ үй бизнесінің басшылары мен өкілдеріне қарата айтқан сөзінде Бердібек Сапарбаев.

Бірнеше жылдан соң туған жерлерінде оралатын қонақтарды қарсы алу кезінде әрбір ұсақ-түйек маңызды. Сондықтан Ақтөбенің имиджі туралы әуежай, теміржол және автовокзал қызметкерлерімен қатар, 32 қонақ үй, 180 мейрамхана, 13 сауда үйі, сонымен қатар, базарлар мен т.б. қызметкерлерінің де естерінде болуы қажет.

Тақырыптың өзектілігі кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың қызмет көрсету деңгейін көрсеткен слайдтары мен кестелерден анық байқалды.

Ол базар иелерінің жүргін жол, іргелес аумақтарда орналасқан жалпы пайдалану жерлері туралы саудагерлермен келісімшартқа отыруларына назар аударды. Нысандарының сырттан қалай көрінетініне бизнесмендердің барлығы бірдей бас ауыртпайды. Олардың кейбіріне апаратын кіре беріс жолдар жоқ, жарықтанбаған, жанында гүлзарды айтпағанда, жас көшеттердің өзі отырғызылмаған.

-   Сіздер өз қызметтеріңізді бастағанда қызметтеріңіздің саласы лицензияланып,  әр тамақ үшін сертификат рәсімдеу қажет болатынсыздар. Мемлекет өзара қарым қатынас тәртібін жеңілдете отыра жылдан жылға сіздердің дамуларыңыз үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Лицензиялар алынып тасталды. Санитарлық нормаларға қатысты біршама іс-шаралар қабылданды. Бизнестің жол картасы бойынша «Шығыс», Маресьев көшесінің бойындағы тұрмыс үйі қайта құрылып, гипермаркеттердің құрылысына қолдау көрсетілді. Осындай көмектен соң мемлекет бизнес тарапының да аянып қалмайтынына сенеді,-деп жалғастырды А.Даржанова.

Мәселені шетелдік бизнесмендерден сабақ алу шешуі мүмкін. Бұған мейрамхана-қонақ үй бизнесінің халықаралық сертификатталған менеджері Ибрахим Коруян қол ұшын бермек. Оның Түркия мен Қазақстанда жұмыс тәжірибесі мол.

Жиынға қатысушылар облыс әкімімен өздерінің жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жою қажет екендігіне және болашақта облыс пен қала қонақтарын лайықты қарсы алу үшін өз ұжымдарын оқытумен шындап айналысуға келісті. Сонымен қатар қызмет сапасын анықтауға қоғам өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құру керектігі сөз етілді. Комиссия таяу арада барлық нысандардың клиенттерге лайықты қызмет көрсетуге дайындығын тағы бір пысықтауы тиіс. Сондай-ақ, көрсетілетін қызмет құнын қайта қарап шығу, келушілер саны көбейген кезде бағаны өсірмеу керектігі баса айтылды.

Сайып келгенде, аталмыш іс-шаралардың барлығы өңірдегі қызмет көрсету деңгейін арттыруға және аймақтағы туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал етуі тиіс.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі