Ақтөбе облысы Əзірбайжанмен əріптестікті дамытуға ниетті

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Əзірбайжан республикасының төтенше жəне өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездесті. Биылғы жылдың жеті айы ішінде Қазақстан мен Əзірбайжан арасындағы тауарайналым 142 млн долларды құрады. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 56%-ды құрады, - деді өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту қажеттігін атап өткен дипломатиялық өкілдік басшысы.

- Қазақстан - біздің бизнес пен инвестиямыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ағайын ел. Ақтөбе облысы бізді өңіраралық əріптестікті əрі қарай жалғастыру тұрғысынан қызықтырады. Қазіргі сапарымыздың аясында өңірдің экспорттық əлеуеті туралы ақпарат алғымыз келеді, - деді Рашад Маммадов.

Өз кезегінде облыс əкімі өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуда қызығушылық танытатынын растады. Бердібек Сапарбаев екі ел басшыларының арқасында, соның ішінде өңірлерде қарышты дамып келе жатқан Əзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дəстүрлі жылы əрі достық қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

- Қазақстан мен Əзірбайжан - ағайын елдер. Бізді ортақ түркі тамырымыз, ортақ рухани мұрамыз біріктіреді, - деді облыс əкімі. Қоса кетейік, бүгінде Ақтөбе облысының аумағында əзірбайжан капиталы қатысатын 11 компания бар. Негізінде бұл ет, жем, астық өнімдері, сонымен қатар, қала құрылысы мен өнеркəсіптік құрылысқа мамандандырылған шағын кəсіпкерлік субъектілері.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі