Ақтөбе облысы Канадамен байланысты нығайтпақ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайлмен кездесті. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өткен жылы Ақтөбе облысы мен Канада арасындағы тауар айналымы 2 млрд. 6 млн долларды құрады. Негізінен ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы көліктері импортталған. Өңір басшысы біздің мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың канадалық компанияларымен байланысы бар, біз бұдан әрі қарай осы саладағы ынтымақтастықтың дамуына ынталымыз деді. Сондай-ақ Канаданың бизнес-қауымдастығына ұсынатын Ақтөбенің нақты жобалары да бар. Мәселен, білім-ғылым саласындағы әріптестікті нығайту. Бұдан өзге, Ақтөбе еліміздің индустриялық әлеуеті жоғары, минералды-шикізат қоры бай өңірдің бірі. Ал тау-кен ісі саласында әлемнің көшбасшы елдерінің бірі саналатын Канадалық кәсіпкерлері біздің облыс шекарасында пайдалы қазбаларды өндіру мәселелері қызықтырады.

Қосылды: 
20.09.2016 - 15:03
Соңғы өзгерiстер: 
28.10.2016 - 16:58