Ақтөбе облысы кәсіпкерлікті дамыту бойынша үздік үштікте

You are here

Ақтөбе облысы іскерлік климатты қалыптастыруда республика бойынша үздік үштікте. Астана қаласынан кейін екінші орынға тұрақтаған өңірдің шағын және орта бизнесті дамытудағы қарқыны жоғары. Бүгін ақтөбеліктерге Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетов осындай баға берді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерлік саласындағы өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетовпен кездесуінде Ақтөбе өңірінің кәсіпкерлік саласында жиі көтерілетін проблемалық сұрақтар талқыланды. Оның ішінде өңірдің іскерлік климатын қалыптастыру, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, салық төлеу, жер телімдерінің берілуі сияқты өзекті мәселелер айтылды.  Республика бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына шағын, орта және ірі бизнеске қатысты түскен 10500 арыздың басым бөлігі де осы проблемаларға келіп тіреледі. Бүгінде облыста 51 мың шағын және орта бизнес құрылымдары бар. Онда 130 мыңдай маман жұмыс істейді. Кәсіпкелікті дөңгелету үшін оларға 4,1 млрд. теңге бөлінген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысы елімізле 5 қанатқақ жоба жүзеге асырылатын өңірлердің бірі ретінде саналады. Сол жоба арқылы бірінші тоқсанда ауыл шаруашылығын өңдеу, елді мекендерде фермаларды көбейту негізінде 330 млн теңге жұмсалған. Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетовтің айтуынша, ақтөбелік кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары. Тиісті атқарушы органдардың жүргізген әлеуметтік сауалнамасы бойынша іскерлік климатты қалыптастыруда Ақтөбе облысы Астана қаласынан кейінгі екінші орынға жайғасты.

БОЛАТ ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ӨКІЛІ

Басқосуда сондай-ақ, жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде кездесетін түсініспеушіліктер де назардан тыс қалмады. Бұдан өзге Ақтөбе қаласының орталық көшелерінде "Тоқтауға тыйым салынады" деген жол белгісін орнату, жолаушылар тасымалымен айналысушы кәсіпкерлік нысандарын субсидиялау жөнінде де сұрақтар қозғалды.

 

 

 

Жаңалықтар таспасы