Ақтөбе облысы мен Татарстан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Ақтөбе облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясының Татарстан республикасы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.

Құжатты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов Челябі қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол қойып бекітті.

Келісім тауар айналымының деңгейін көтеру, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара тиімді жеткізілімдерін жүзеге асыру, индустриялық және ІТ-парктердің қызметі бойынша ақпаратпен және тәжірибемен алмасу, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру ынтымақтастығын көздейді.

 

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі