Ақтөбе облысы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандырады

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының аясында қосымша білім беру гранттарын бөлу және студенттер жатақханаларын салу мәселелерін талқылады.

Жиынды ашқан облыс әкімі жергілікті жауапты мемлекеттік органдардың студенттердің өмір сүруіне жағдай жасау туралы бастаманы іске асыру жөніндегі жұмысына қанағаттанарлықсыз деген баға берді.

- Облыстық басқармалар мен білім беру мекемелерінің басшыларына қайда және қандай жатақхана салу керектігін анықтау үшін тапсырма берілгеніне бір ай өтті. Өкінішке орай, нақты нәтижелер жоқ. Барлығы өте баяу. Мұндай қарқынымызбен біз жобаларды министрліктерге уақытында бермейміз, құрылыс үшін ақша ала алмаймыз. Аудандарға барған кезімде, тұрғындар жатақханалар жеткіліксіз болғандықтан студент-баланың жалға алынған үй-жайына ақша төлеуге тура келетіндіктерін айтады. Президенттің бастамаларының бірі осы мәселені шешуге мүмкіндік береді, біз бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек », - деді Бердібек Сапарбаев барлық бағыттар бойынша жұмысты жүргізуді тапсырып.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда облыста 44 колледж жұмыс істейді, олардың           13-інде жатақхана жоқ. Өз кезегінде, қолданыстағы жатақханалар барлық келушілерді сыйғыза алмайды. Осылайша, колледжердің 9 мыңға жуық сырттан келуші студенттерінен тек 2 мыңға жуығы қамтамасыз етілді. Қалғандары туыстарымен немесе жалға алынған пәтерлерде тұрады.

Ішкі саясат басқармасының мәліметтері бойынша жоғары оқу орындарында жағдай жаман емес, тек М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің 436 студентіне орын жетпейді. Қалған  университеттер өздерінің студенттерін жатақханалармен 100% қамтамасыз етті.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Президенттің бес әлеуметтік бастамасының халықтың тұрмыс деңгейін жақсартудың маңыздылығын атап өтті және оларды тиімді іске асыру үшін барынша толық шаралар қабылдауды тапсырды.

Бердібек Сапарбаев «Барлығына арналған тегін кәсіптік және техникалық білім» жобасының сапалы орындалуын, атап айтқанда, аймақтың белгілі бір жерлерінде еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды даярлау қажеттілігін талап етті.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі