Ақтөбе облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне 12 инновациялық жоба ұсынады

You are here

Бүгін Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен еліміздің батыс аймағының төрт облысының арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Бұл маңызды рәсімге қатысу үшін  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді. Қазақ елінің мәртебесін әлемдік деңгейде көрсететін көрмеге Ақтөбенің дайындығын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Мәселен, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсынбақ.

Бір жарым ғасырлық тарихы бар Экспо көрмесін Астананың қабылдайтын күні жақын. Әлемде деңгейде жарнамаланып, көрмеге алыс-жақын шетел мемлекеттерін және халықаралық қаржы ұйымдарын көптеп тарту - елдік мақсат. Бұл туралы Елбасының тапсырмасы да бар. Мәселен, Атырауда отырып, экологиялық таза өнімді, яғни қарапайым қиыршық тасты бояп, елді мекендерді көріктендіруге үлес қосуға ниетті кәсіпкердің өніміне ел ағалары қызығушылық танытты.

АЙСҰЛУ ОРАЗБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (АТЫРАУ ҚАЛАСЫ)

Болашақтың энергиясы жастардың қолында екендігі анық. Экспоның дүбірі естілгелі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да Елорда жаққа елеңдеп, Қазақстанның атын әлемге тантуға ынталанып жүр. Құлтемірді ұялы телефон арқылы басқаруға көндірген дарынды оқушылардың ізденісі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың көңілінен шықты.

НИЯЗ ТӨЛЕУОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Арнайы жиынды ашқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астана мен Қазақстанның атын әлемге танытатын экспо көрмесіне ақтөбеліктердің қосатын үлесі туралы айтып өтті. Қазір жарнамасы жасалып, көрмеге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың жаңашыл ұсыныстары пысықталып жатыр. Ал, көрме алаңдарының құрылысына да Ақтөбе жұрты белсене қатысады. Қазір 100 еріктінің отызы дайын. Ал, көрме ашылған уақытта барлығы жүз мыңнан аса ақтөбелік турист ретінде Астанаға баруы мүмкін. Бұл - туристік саланың мәліметі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысының құрылыс индустриясында 190-ға жуық кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен он айдың ішінде олар 32 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Енді, ақтөбелік кәсіпорындарда жасалған құбырлар, кірпіштер мен қасбет материалдар Астанадағы экспо көрмесінде қолданылуы бек мүмкін.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Еліміздің батыс аймағының кәсіпорындары Елордадағы бас құрылысқа сапалы материалдар мен өз өнімдерін жеткізбек. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде Мемлекет басшысының отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалану туралы тапсырмасын атап өтті. Ал, өңірлер бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, елімізідң халықаралық аренадағы беделін асқақтата түстуі тиіс. Әрбір аймақта туристік инфрақұрылымдар жаңартылып, тарихи-мәдени орындар да шетелдік қонақтарды күтіп алуға дайындалуы керек.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, "АСТАНА ЭКСПО-2017" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Батыстағы төрт облыстың әкімдік өкілдерінің мәліметтерінен соң "Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд. теңге шамасындағы тауар жеткізу туралы 8 келісімшартқа және ынтымақтастық туралы 3 меморандумға қол қойды.

Ақтөбелік Құлан компаниясы қазірдің өзінде Астана экспо-2017 ұлттық компаниясымен келісімге келіп үлгерді. Енді, компания сан мен сапаны қатар дамытып, алысқа құлаш сермеуге кіріспек.

ҰЛЫҚПАН ЕСЕНҒҰЛОВ, "ӘДІЛЕТ ҒАСЫР" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Ресми жиыннан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана экспо-2017 ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовты қала шетіндегі жаңа индустриалдық аймаққа бастап барды. Болашақ инвесторларға қазір коммуналлдық жүйелері толық тартылған жер телімдері дайын. Ал, құжат рәсімдеуге де қолайлы болуы үшін инвостарларға қызмет көрсету орталығының ашылғандығы айтылды. Мұнан соң облыс әкімі бастаған топ Ақтөбе рельс-арқалық зауытын аралап көрді. Темірді балқытудан бастап дайын өнімге дейінгі аралықты өз көзімен көрген қонақтар өңірдің индустриалдық инновациялық даму қарқынына жоғары баға берді.

 

Жаңалықтар таспасы