Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы Қала құрылысы кеңесі

Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қала құрылысы кеңесінің дербес құрамы

САПАРБАЕВ Бердібек Машбекұлы

Ақтөбе облысының әкімі, Кеңес төрағасы

БЕКСАРЫ Жаңабай Мұратбекұлы

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,Кеңес төрағасының орынбасары

БОРАНБАЕВ Нұрлан Ақабайұлы

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының м.а.,Кеңес төрағасының орынбасары

КӨШЕКОВА Роза Қуанышқызы       

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бас маманы, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

АДИЛОВ Исатай

«Адилов» ЖК, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшесі (келісім бойынша)

ӘЖІҒАЛИЕВ     

Әубәкір Ғұсманұлы

«Актюбгражданпроект» өндірістік кооперативінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының Ақтөбе филиалының төрағасы (келісім бойынша)

АЙТБАЕВ

Қанат Құдайбергенұлы

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысының м.а.

АҚҚҰЛ

Нұржан Байдаулетұлы

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы

АЛТЫНБАЕВ

Ерлан Қалабайұлы

Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі (келісім бойынша)

АМАНҒАЛИЕВ

Марат Ерсайынұлы

«Энергосистема» ЖШС бас директорының  бірінші орынбасары - бас инженері (келісім бойынша)

БЕРКІМБАЕВА

Нұрсұлу Алтынбекқызы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысы (келісім бойынша)

БОРАНҚҰЛОВ

Амангелді Қапаұлы

«Ақбұлақ» АҚ бірінші вице-президенті -  бас инженері (келісім бойынша)

БУЛТЕЕВ

Хобдаш Көптілеуұлы

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясы» РММ Ақтөбе аумақтық бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

ГОРОХОВСКИЙ        

Мирон Левкович

«Актөбеқұрылыс» ЖШС директоры (келісім бойынша)

ЕСЖАНОВ

Асқар Қуанышұлы

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы

ЖАКУПОВ

Ерболат Тұрдығалиұлы

«Жакупов» ЖК, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшесі (келісім бойынша)

 

ЖАНБАУОВ

Жасталап Қауыпбайұлы

«АқтөбеСтройЭксперт» ЖШС директоры (келісім бойынша)

ИМАҒАМБЕТОВ

Ойлыбай Сәндібайұлы

«Иншаб» ЖШС директоры (келісім бойынша)

ИМАНҚҰЛОВ

Жақсығали Исламұлы

«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысы (келісім бойынша)

ҚАЛДЫҒҰЛОВ

Ермек Қалдығұлұлы

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ Өндірістік техникалық бөлім басшысы (келісім бойынша)

ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Сәния Мұсақызы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың хатшысы (келісім бойынша)

ҚАСИМАНОВ

Жомарт Загидерұлы

«Қазақтелеком» АҚ филиалы - Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директорының орынбасары- техникалық директоры (келісім бойынша)

ҚОЖАҒҰЛОВ

Несіпбек Несіпбайұлы

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының Ақтөбе филиалының мүшесі (келісім бойынша)

МАДИЯР

Талғат Майлыбайұлы

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а.

МАХАМБЕТОВ

Нұрлан Жанабекұлы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы (келісім бойынша)

МЕКТЕПБАЕВ

Олжас Амангелдыұлы

«Трансэнерго» АҚ директорының бірінші орынбасары-  бас инженері (келісім бойынша)

ПІРІМБЕТОВ

Бердияр Әбітайұлы

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы

Испанов Ильяс Сапарбекұлы

Ақтөбе қаласының әкімі

СӘҢКІБАЕВ

Мақсат Тілепұлы

«Қазақстан Республикасы құрылысшылар Ассоциациясы» вице президенті (келісім бойынша)

СӘРСЕНҒАЛИЕВ

Қабай Қаленұлы

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы

СЫЗДЫҚОВ

Бауыржан Мәдіұлы

«Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі (келісім бойынша)

ТАҢАТАРОВ

Төлеген Шәріпұлы

«ТрансМостГрупп» ЖШС директоры (келісім бойынша)

ТӘТТІБАЕВ

Жәнібек Қаржауұлы

«Құрылысконсалтинг» Ұлттық орталығы АҚ АФ директоры, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшесі (келісім бойынша)

ФАХРУТДИНОВ

Шамиль Сулейманович

«Проект» ЖШС директоры (келісім бойынша)

1. Жалпы ережелер

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы Қала құрылысы кеңесі  (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімдігі жанындағы Ақтөбе облысының қалалары мен аудандарының бас жоспарларын, аудандардың, қалалардың және елді мекендердің нақты жоспарлау жобаларын, жобаланатын объектілер мен кешендердің сындарлы сәулеттік, инженерлік шешіміне қойылатын  талаптарды арттыруда жоғары біліктілік деңгейін қамтамасыз ету қызметін іске асыратын  консультативтік –кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі мақсаттары мен міндеттері

3. Кеңес облыстың қалалары мен аудандарының аумақтарында инвестициялық-құрылыс қызметінде қолданылатын жоба сапасын арттыру және облыс әкімдігінің бірыңғай қала құрылысы және сәулет саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

4. Кеңестің негізгі қызметі неғұрлым маңызды сәулеттік және қала құрылысы  жобаларын қарастыру және бағалау болып табылады.

3. Кеңестің құрылымы және  оны басқару

5. Тақ саннан тұратын Кеңестің дербес құрамы облыстық мәслихатпен бекітіледі және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Кеңес хатшысы оның мүшесі бола алмайды және шешім қабылдауда дауыс беру құқығы жоқ.  

6. Облыс әкімі Кеңес төрағасы  болып табылады. Сәулет – құрылыс қызметі саласындағы мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары және облыстың бас сәулетшісі Кеңес төрағасының орынбасары болып  тағайындалады.

7. Кеңес отырысын төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары жүргізеді.

8. Кеңестің кеңейтілген отырысында бекітілген құрамынан басқа, қосымша дауыс беру құқығы бар отандық және шетелдік қоғамдық сәулетшілердің өкілдері, жобалау институттарының басшылары, қарауындағы мәселелер мен өз қызметінің бағыты бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

9. Егер отырысқа Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, Кеңестің шешімі құқылы деп есептеледі.

10. Материалдарды қарастыру қорытындысы бойынша Кеңес мынадай шешімдер қабылдайды және ұсыныс жасайды:

1) жобаны бекітуге ұсыныс жасау;

2) түзетулер енгізе отырып бекітуге ұсыныс жасау;

3) пысықтауға қайтарып  беруге ұсыныс жасау;

4) басқадай шешім.

11. Материалдарды келісуге дайындау жұмыстары тапсырыс берушілер мен инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асады.

4. Кеңес құқықтары

12. Кеңес өз құзыреті шегінде:

1) Меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан жобалау ұйымдарынан, құрылыс салушылардан қарауға ұсынылатын құжаттардың белгілі құрамын, сонымен қатар материалдарды қарау кезінде  қажетті деп саналатын  қосымша ақпарат, анықтама, құжат, сызбалар мен есеп- қисапты сұратуға;

2) отырыста қаралатын немесе оны қарауға дайындау кезінде қатысулары қажетті деп саналатын жобалау ұйымдарының, құрылыс салушылардың, тапсырыс берушілердің, мердігерлердің және  басқа ұйымдардың  өкілдерін шақыруға;

3) сәулет және қала құрылысы қызметінің  мәселелері бойынша облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімдеріне хабарласуға құқылы.

5. Кеңес мүшелерінің  құқықтары мен міндеттері

13. Кеңес төрағасы және мүшелері:

1) Кеңес жұмысына қатысуға, нақты шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен танысуға;

2) мемлекеттік немесе заңмен сақталатын құпия ақпараттан басқа,  қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

14. Кеңес төрағасы және  мүшелері:

1)  Кеңес отырыстарына дәлелді себеп болмаса қатысуға;

2) жекелеген тапсырыс берушілердің мүдделерін қолдауға жол бермеуге міндетті.

15. Кеңес отырысын белгілі себепсіз жүйелі түрде қатыспаған немесе оның (Кеңестің) жұмыс тәртібін бұзған Кеңес мүшелері төрағаның ұсынысымен Кеңес құрамынан шығарылуы мүмкін.

6. Кеңестің жұмыс органы

16. «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Кеңестің отырысында талқыланатын мәселелерді алдын ала толықтырып қарауды жүзеге асыратын жұмысшы орган болып табылады. Аталған мемлекеттік органның қызметкері Кеңестің хатшысы болып тағайындалады.

17. Жұмысшы орган Кеңесте қаралатын материалдарды жинайды,   отырыстың күн тәртібі мен хаттамаларын ресімдейді және өзге де функцияларды орындайды.

18. Сонымен қатар маңызды қала құрылысы мәселелерін талқылау үшін мамандарды шақыру және анықтау жұмыстары жұмысшы органға жүктеледі.

7. Кеңестің шешімдерді қабылдау тәрт

19. Кеңес өз қызметін:

1) қажеттілігіне қарай шақырылатын Кеңестің кеңейтілген отырыс түрінде жүзеге асырылады;

2) Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұсынылған материалдарды апта ішінде жұмыс күнінің бірінші жартысында қабылдайды;

20. Кеңестің  кеңейтілген отырысының құзыретіне заңды тұлғаның тапсырысы бойынша әзірленген жоба алды және жобалау құжаттамаларының барлық түрі бойынша қала құрылысы және сәулет шешімдерін қарау кіреді және мыналарды қоса алғанда:

1) бас жоспардың қала құрылысы тұжырымдамалары және жалпықалалық бағдарламаларды;

2) қалалар аумағының құрылыс жобалары, нақты жоспарлау жобалары, бас жоспарлардың жобаларды;

3) аумақтарды  функционалдық аумақтарға бөлудің, қала аумағының инженерлік және көліктік дамуының жобаларды;

4) облыс қалаларының даму аудандарында (мұндай аудандардың тізбесін Кеңес анықтайды) орналасуға ұсынылатын ғимараттар (имараттар) және олардың кешендері құрылысының жобаларды;

5) қоңыстандыру және аудандық жоспарлау мәселері, қала құрылысын дамытуға қатысты экологиялық мәселелерді шеші жөніндегі ұсыныстар, сонымен қатар селолық елді мекендерді дамыту жөніндегі ұсыныстарды;

6) республикалық және жергілікті маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіштерін қалпына келтіру жобаларды;

7) сәулетшілер мен құрылыс алушылардың бастамалық жобалау ұсыныстарын.

21. Кеңес отырысы күн тәртібінің жобасы Кеңес мүшелерінің жұмыс органымен отырысқа дейін бес күн ішінде хабарлайды. 

22. Төраға отырыстың бекітілген күн тәртібін хабарлап, Кеңес отырысын ашады. Кеңес отырысының күн тәртібін бекіткеннен кейін төраға күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша баяндамашыларды баяндама жасауға шақырады.

23. Кеңес шешімі көпшіліктің дауыс беруімен қабылданады. Тең дауыс берген жағдайда, Кеңес төрағасының даусы шешуші болып табылады. Төрағаның немесе Кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің ұсынысымен жекелеген мәселелер бойынша дауыс беру құпия болуы мүмкін.

24. Кеңес мүшесі ұйымда еншісі бар немесе жоба авторы болып табылса,   шешім  қабылдауда дауыс беруге  құқығы жоқ.

25. Кеңес отырысына шақырылғандар оның қызметіне араласуға құқығы жоқ, белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

26. Кеңес шешімі хаттамамен ресімделеді.

27. Кеңес отырысының хаттамасы қызығушылық танытқан барлық  мүдделі мемлекеттік органдарға олар шешім қабылдаған кезде ұсыныс ретінде жіберіледі.

Қосылды: 
03.08.2016 - 17:08
Соңғы өзгерiстер: 
17.08.2016 - 10:21