Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

19 шілде, бейсенбі күні облыс әкімдігінің кеңейтілген жиналысында облыс әкімінің экономикалық сұрақтары бойынша жаңа орынбасары таныстырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен бұл лауазымға бұған дейін облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасын басқарған Олжас Смағұлов тағайындалды.

Олжас Мұхтарұлы Смағұлов Алматы қаласында туған. Төрт жоғары білімі бар. Американың Интерконтинентальды университетін (АҚШ) бизнесті басқару бакалавры, Помонаның Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін (АҚШ) экономика магистрі; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, Лондонның экономика және саяси ғылым мектебін (Ұлыбритания) мемлекеттік саясат және басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр түрлі уақытта Атырау облысының әкімі аппаратының бас маманы; Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде әлеуметтік-экономикалық бөлімнің бас сарапшысы; Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары болды.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі