Ақтөбе облысы 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсенді түрде жалғастыра береді

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде халықпен өткен есептік кездесу барысында мәлімдеді.  

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «қоғамдық жаңғыру бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру біз үшін маңызды болып қала береді», - деді Б.Сапарбаев.

Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қамқорлық белсенді дамып келе жатқандығын атап өту керек, әлеуметтік нысандарды қаржыландыру бойынша нақты жұмыс үшін облыстың табысты адамдарының электрондық дерекқоры құрылды.

2017 жылы алыс және жақын шет елдерден: АҚШ, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Армения мен Әзербайжаннан келген 300-ден астам танымал ақтөбелік жерлестердің қатысуымен «Tуған жер» жерлестер форумы өтті.

Форум аясында 76 млрд теңгеге 20-дан астам меморандумға қол қойылды, 100 түрлі кездесулер, тренингтер, семинарлар өткізілді; сондай-ақ 63 мастер-класс, олардың 25-і 10 мыңнан астам адамды қамтитын жоғары технологиялық медициналық операциялар.

«Туған жерге тағзым» акциясы да белсендi түрде дамып келеді. Биылғы жылы жалпы сомасы 2,1 млрд. теңгеге 500-ден астам жоба абаттандыру, әлеуметтік нысандар құрылысы және қайта құру және т.б. жүзеге асырылады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі