Ақтөбе обл. әкімдігі мен "КазАвтоЖол" ұлттық компаниясы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Ақтөбе өңірінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

ТМД көлемінде баламасы жоқ кәсіпорын өнімдері болашақта ішкі сұранысты толық қанағаттандырып, артылғаны экспортқа шығарылады. Тиісінше, жергілікті қазынаны толықтыруға да рельс-арқалық зауытының үлесі қомақты болады. Сол себепті облыс әкімшілігі жаңа жұмыс орындарының ашылып, салық түсімінің көбейуіне мүдделі. Соңғы айларда Ақтөбеге Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының президенті Асқар Маминнің жиі келуі де өзара әріптестік байланыстарды нығайту.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Зауыттың әкімшілік ғимаратында өткен жиында "Қазақстан темір жолы" және "Қазавтожол" ұлттық компанияларының басшылығы да сөз алып, Ақтөбеде көлік-логистикалық орталық салу, біздің өңір арқылы әуе тасымалдарын, жол-көлік инфрақұрылымдарын дамыту мәселелері бойынша хабарлама жасады. Еліміздің көлік-логистикалық картасында Ақтөбе облысының әлеуеті жоғары. Тоғыз жолдың торабында орналасқан біздің өңірге Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы соңғы бес жылда ғана 139 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйған. Қап тауының етегіндегі елдер мен Парсы шығанағына шығатын дәліз де бізде. Сондықтан да, Елбасының тікелей тапсырмасымен Шалқар-Бейнеу темір жолы тартылып, жылжымалы құрамдар жаңартылып жатыр.

АСҚАР МАМИН, "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ақтөбеден Астана мен Алматы бағытында желдей жүйткіген Тальго пойыздары шығарылды. Бірақ, осы заманауи пойызға техникалық қызмет көрсету станасының құрылысы Ақтөбеде кешеуілдеп жатыр. Жекелеген стансалар мен теміржол бекеттерінің маңында қоныстанған тұрғындар сапалы ауыз суға жарымай отыр. Өңірімізде темір рудаларының қоры мол болғанымен, қаржылық қиыншылықтарға байланысты кен орындарының иелері өнімдерін байыту зауыттарын салуға құлықты емес. Ал, көлік инфрақұрылымы болса, кеншілер де өз өнімдерін шығарудың жолдарын табар еді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиевтың баяндамасында айтылды. Сонымен қатар, 2014 жылғы меморандумдарға сәйкес Ақтөбеде салынуы тиіс көлік-логистикалық орталықтың да болашағы талқыланды.

ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ВИЦ-ПРЕЗИДЕНТІ

Көлік-логистикалық орталығы жылына 1,5 миллион тонна жүкті сақтап, тасымалдауға қуатты болады. Оны ішінде арнайы қойма, сөре, тоңазтқыштарға бір мезетте 50 мың тонна жүкті сақтауға мүмкіндік жасалады. Біз жаңа орталықтың тең ақтөбеліктердің игілігі үшін ғана емес, көршілес ресейдің шекаралас облыстарына да қызмет етуін қалаймыз.

Көлік инфрақұрылымы салаларының барлық кәсіпорындарының жетекшілері бүгінгі жиында өзара мәмілеге келді, барлық тараптарға тиімді келісімдерге қол жеткізді. Ал, жиын соңында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатов 2016 жылы Ақтөбе арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге байланысты меморандумға қол қойды.

 

Қосылды: 
11.11.2015 - 17:54
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:53