"Ақтөбе Рельс Арқалық зауытынан" алғашқы өнім шықты.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовтың сапары бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастауымен Ақтөбе рельс-арқалық зауытында жалғасты. Биылғы сәуір айында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары кезінде тұсауы кесілген зауыттың бүгін алғашқы өнімі шықты. Толық қуатындағы жұмысқа кшкен уақытта жылына 430 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы кәсіпорын Қазақстанның индустрияландыру каратсына енгізілген бірегей жоба. Тақырыпты Серік Әбдібек толықтырады.

Бұл  ТМД көлемінде баламасы жоқ бірегей кәсіпорын Президенттің тапсырмасы бойынша салынған. Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен "Қазақстанды жаңа индустрияландыру: 2014 жыл мен алғашқы бесжылдықтың нәтижелері" атты жалпыұлттық телекөпір аясында рельс зауытының алғашқы технологиялық кезеңі басталған еді. Ал, биылғы сәуір айында Елбасы кезекті телекөпір кезінде алып кәсіпорынның тұсауын кесті.  Ал, арада бір жыл өтпей ақ теңдессіз өнеркәсіптен алғашқы дайын өнім шығып отыр.

АСҚАР МАМИН, "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰК" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Бүгін зауыттың алғашқы өнімінің шығаруылу салтанатына ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин, Парламент депуттары, халықаралық белді ұйымдардың басшылары мен Қырғызстан және Әзірбайжан мемлекеттері темір жол саласының басшылығы қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зауыт құрылысына қатысушыларға алғыс білдіріп, жаңа кәсіпорынның облыс экономикасына тигізер әсерін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Зауытта болашақта 800-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты толық қуатына көшкен уақытта жылына 430 мың тонна өнім шығарады. Олардың негізгісі - ұзындығы 120 метрлік рельстер. Сондай-ақ, теміржолдың өзге де қосалқы және құрамдас бөлшектері осы зауытта құйылады. Соңғы бесжылдықта елімізде жаңадан 1700 шақырым теміржол салынғандығын ескерсек, зауыттың өніміне ішкі нарықтың өзінде сұраныс жоғары болғалы тұр. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов мәлімдеді.

ӘСЕТ ИСЕКЕШОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ

Зауыт құрылысына мемелекет пен бизнестігің әріптестігі аясында 76,6 миллиард теңге жұмсалған. Бұл - Ақтөбе облысы бойынша еліміздің индустрияландыру картасына енген 91 инвестжобаның бірі. Болашақта Ақтөбедегі жаңа ферро қорыту зауыты мен рельс зауытының өзі облыс экономикасының 30 пайызын толықтырады. Зауыттың ашылуын еліміздің теміржол саласы ардагерлері де қуаттап, Елбасының тапсырмасы экономика мен өндіріске серпін беретіндігін айтып отыр.

ТЫНЫШТЫҚБАЙ ӘУЕСБАЕВ, ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ

Тәуелсіздік таң атқалы Елбасының тікелей бақылауымен пайдалануға берілген Хромтау-Алтынсарин жолы қазір елдің игілігіне жарап тұр. Астана мен батыс өңірді байланыстыратын жобаны жүзеге асырып, уақыт пен қаржыны да үнемдедік. Тек, теміржол құрылысына қажетті материал сырттан тасылды. Бірақ, мемлекеттік салиқалы саясаты да бұл кемшілікті қысқа мерзімде жойды.

ТЫНЫШТЫҚБАЙ ӘУЕСБАЕВ, ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ

Алғашқы өнімді өз көздерімен көрген астаналық және шетелдік қонақтар салтанатты рәсімнен соң дөңгелек үстел басына отырып, халықаралық форум өткізді. Бұл жиында Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының еншілес және кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалды. Жалпы, соңғы бесжылдықта жүрдек тепловоздар, жолаушылар және жүк вагондары, коммнуикациялық жабдықтар өз елімізде заманауи талаптар бойынша шыға бастады. Бүгінгі рельс зауытының өнімі де сол тұтас кешеннің заңды жалғасы. Осы жетістіктерге куә болған Әзірбайжан, Беларус елі, Өзбекстан, Грузия және Қырғызстанның теміржол саласы басшылары қазақстандық әріптестерімен алты бірдей меморандумға қол қойды.

Қосылды: 
16.10.2015 - 10:16
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 11:54