Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

You are here

ҚР Президенті әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімдерімен, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Испанов Ілияс Сапарбекұлы тағайындалды. 40 жастағы Ілияс Испанов Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтының, Лондон экономика және саяси ғылымдар институтының, Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист-Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарын алған. Еңбек жолын 1993 жылы "Ақ-Бастау" Сарыағаш филиалының бас есепшісі болып бастап, кейінгі жылдары  Қаржы министрлігінің борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы,  Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасы, ҚР-ның Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы болып қызмет атқарды. Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Жоғарғы соттың соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті. Ал осыған дейін қала әкімі болған Бекбол Сағын басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. {

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ІЛИЯС ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қосылды: 
04.07.2016 - 15:19
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 10:52

Жаңалықтар таспасы