Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шаһар басшысы Ерхан Омаровтың басқа қызметке ауысуына байланысты Ақтөбе қаласының жаңа әкімін таныстырды. Қаланың жаңа басшысы Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы еңбек жолын Ақтөбеде бастаған. Бұрын Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды. Соңғы он жылда Елордада қызмет еткен Бекбол Сағын осыған дейін Астана қаласындағы Алматы ауданының әкімі болған.

Ақтөбе қаласын соңғы үш жылдан астам уақыт басқарған Ерхан Омаровты  өзімен үзеңгілес болған әріптестері бүгін жаңа қызметке шығарып салды. Ол ҚР Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы қызметіне ауысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ерхан Омаровқа сәттілік тіледі.

ЕРХАН ОМАРОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек сапарбаев қаланың жаңа әкімі етіп Бекбол Сағынды тағайындады. Жалпы Ақтөбе жұртына Бекбол Ұбайдоллаұлы жақсы таныс. Ақтөбе өңірінде  басшылық лауазымдарды атқарған ол кейін қызметін Елордада жалғастырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Актив соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және ірі компаниялардың басшыларына қаланың жаңа әкімімен қоян-қолтық жұмыс жасап, қалада қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды.

Жаңалықтар таспасы