Ақындар айтысының ақтық мәресі

You are here

Кеше Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысының қорытындысы шықты. 9 жұп, яғни 18 ақын қатысқан айтысқа халық көп жиналды. Жұрттың көптен бері айтыс сияқты қазаққа рух беретін халықтық өнерді сағынып, шөліркегені байқалып тұрды. Студенттер сарайында ине шаншар орын болмады. Айтысты Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерманның жүргізгені ерекше әсер берді. Сонымен нәтижесінде бас жүлдеге тігілген бір миллион екі жүз мың теңге танымал айтыскер ақын Әсем Ережекызына бұйырды. Бірінші орынды және бір миллион теңгені ақтөбелік Жәнібек Бейбитов алды. Екінші және үшінші жүлделер Астананың намысын қорғаған Айнұр Тұрсынбаева мен  ақтөбелік Ершат Қайболдиновке тиесілі болды. Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев барлық ақындарды, соның ішінде Айнұр Тұрсынбаеваны, Ринат Заитов, Асем Ережекызы сияқты танымал ақындардың өнерін бағалап, қосымша ақшалай сыйлық тарту етті. Ал ұлтаралық келісім мен бірлікті көбірек жырлаған төрт ақын Қазақстан Ассамблеясының сыйлығына ие болды.

Қосылды: 
02.10.2015 - 16:35
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 14:44

Жаңалықтар таспасы