Бабадан қалған байтағым Аймақтық ақындар айтысы

Сондай-ақ «Студенттер сарайында» өткен «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысының да  тақырыбы Қазақ хандығының мерейтойымен астасып жатты. 9 жұп, яғни 18 ақын қатысқан айтысқа халық көп жиналды. Жұрттың көптен бері айтыс сияқты қазаққа рух беретін халықтық өнерді сағынып, шөліркегені байқалып тұрды. Ақындарын ардақтап қарсы алды ақтөбеліктер.

Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған айтыс қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Республиканың әр аймағынан сынға түскен ақындарға Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Несіпбек Айтов, Мейірхан Ақдәулетұлы, Ертай Ашықбаевтар қазылық етті. Аймақтық ақындар айтысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауымен ашылды. Облыс басшысы айтыстың тәрбиелік мәні бар тарихи өнер түрі деп тоқталды.

 БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Екі кезеңмен өткен айтыстың алғашқы айналымында ұпай саны бойынша екі айтыскер ақтық мәреге шықты.  Жалпы айтыскерлер Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Арқалық және Ақтөбе қаласының атынан қатысты. Біздің өңірден 9 тоғыз айтыскер бақ сынады. Дегенмен, көрермен айтыстың саңлақтары  Ринат Заитов, Аяна Сеитов және Айнұр Тұрсынбавалардың өнерін тамашалауға асықты.

АЙЖАМАЛ КАШКЕНБАЕВА, КӨРЕРМЕН

Айтыс көруге келген көрерменнің қатары қалың. Студенттер сарайында ине шаншар орын болмады. Бұған себеп ақтөбеліктердің айтыс өнеріне деген қызығушылығында. Және бұған айтысты Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерманның жүргізгені ерекше әсер берді.

 ЖҮРСІН ЕРМАН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті, аймақтағы ауқымды жұмыстарды жырға қосқан ақындарды ақтөбеліктер құшақ жая қарсы алып, қошеметке бөледі. Айта кету керек, айтыстың жүлде қоры 5 млн 100 мың теңге. Бас жүлде иегері 1,5 млн. теңгеге ие болмақ. Ал 1-орынға - 1 млн, 2-орынға 700 мың, үшінші жүлдеге - 500 мың тенге тігілді. Жүлдеге ілікпеген ақындардың барлығына 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.

Қосылды: 
01.10.2015 - 15:50
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:15