БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2017 жылдың 12 қазан күні сағат 11.00-де Ақтөбе қаласы «Дастан» қонақ үйінің конференция залында ММА спорт түрінен Ақтөбе облысы спортшыларының халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктері бойынша баспасөз –конференциясы өтеді.

2017 жылдың 6-7 күндері Астана қаласындағы «Даулет» спорт кешенінде WMMAA Дүниежүзілік қауымдастығымен ұйымдастырылған ММА бойынша V Әлем Чемпионаты өтті.

Бүгінгі күнде ММА тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде әсерлі және қарқынды дамып келе жатқан спорттың түрі.

Бұл күндерде еліміздің астанасында Әлем Чемпионы атағына жету үшін ерлер 8 салмақ, және алғаш рет 2 салмақ категорияларынан әйелдер жарысқа түсті. Әлемнің 30-ға жуық алыс және жақын шетелдерінің 150 шақты ең мықты батырлары жиналды. Бұл шараны ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің колдауымен аралас жекпе-жектер, панкратион және грэпплинг Ұлттық федерациясы ұйымдастырды.

Қазақстанның ең үздік спортшыларынан құралған команда Ақтөбедегі «Алихан» спорттық орталығында оқу-жаттығу дайындықтарын өткізді. Дайындық құраманың бас бапкері ақтөбелік Айбек Амангелдіұлы Шоқпұтовтың басшылығымен өтті.

Қазақстан Республикасының ММА-дан команда құрамындағы ерлер:

Санжар Әділов - 56,7 кг

Абылай Төлеш - 61,2 кг

Денис Муцнек - 65,8 кг

Алтынбек Бахытгелдинов - 70,3 кг

Темірлан Ихсанғалиев - 77,1 кг

Еркінбек Інжел - 84 кг

Серік Абиров - 93 кг

Әлімжан Сүлейменов - 93 кг-нан жоғары

әйелдер:

Зарина Қадырбаева - 52,2 кг

Мария Агапова - 61,2 кг

Ақтық сайысқа еліміздің бес өкілі жетті. Санжар Әділов Тәжікстан спортшысы Умедуло Урфоновты финалда жеңіп алғашқы алтын медальді Қазақстан қоржынына салды. Екінші алтын медальді Мария Агапова ұтып алды. Ол финалда Белорусияның Лилия Казакпен кездесіп, өте ауыр және әсерлі шайқаста жеңіске жетті.

Қазақстандық үш спортшы күміс медальдарға ие болды. Денис Муцнек 65,8 келі салмақта россиялық Абдулмуталип Гайрбеговтен жеңіліс тапты. Біздің 77 келі салмаққа дейін шыққан Темірлан Ихсанғалиев Ресейден келген Шамиль Мусаевқа жеңісті беріп қойды, ал 84 келі салмақта жерлесіміз Еркінбек Інжелді россиялық Магомед Шахрудиновтты женіп, күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдеге ие болған қазақстандықтар: Зарина Қадырбаева (52,2 кг), Алтынбек Бахтыгелдинов (70,3 кг) және Әлімжан Сүлейменов (93+ кг).

Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орынға шықты. Ресей құрамасы бірінші, ал Қырғызстанның командасы үшінші орынға ие болды. Қонақтар мен көрермендердің көңілінен шыққан WMMAA нұсқасы бойынша ММА-дың V Әлем Чемпионаты жоғарғы деңгейде өткенін атап өткен жөн.

Әлем Чемпионатының финалдары біткен соң шаршы алаңда кәсіпқой спортшылар арасындағы халықаралық турнир өтті. Бұл турнир NFC промоушенімен ұйымдастырылды.

Осы турнирде ресейлік спортшы Хаял Искендеровпен жекпе-жекке шыққан жерлесіміз ақтөбелік Дәурен Ермеков қарсыласын тас-талқан етіп, Евразия Чемпионы атағамен қоса NFC белбеуін жеңіп алды.

4 қазан күні Грозный қаласында «Ахмат» лигасының WFCA 43 халықаралық турнирінде 77 кг салмақта біздің жерлесіміз Гойти Дазаев UFC промоушенінде өнер көрсеткен, өте тәжірибелі бразилиялық Элеос Сильвериомен кездесіп тең түсті.

2017 жылдың 23 қыркүйегінде Татарстанның астанасы Қазан каласында өткен халықаралық M-1 GLOBAL промоушенінің ұйымдастыруымен өткен ММА кәсіпқойлық турнирге қатысқан жерлесіміз ақтөбелік Сергей Морозов Бразилияның муай-тайдан, джиу-джитсуден және Bigway Fight турнирінің чемпионы Луан Фернандеспен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев және Сергей Морозов Ақтөбе қаласындағы «Еркін Күш» кәсіпқой-жауынгерлік клубының споршылары. Кәсіпқой спорттағы жолдарын жігіттер панкратионнан, грэпплингтен және ММА-дың WMMAA тұжырымының әуесқой жарыстарынан бастаған.

Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін аккредитациядан өткізу және басқа да сұрақтар бойынша +7(778)3079009 +7(7132)561400