Басты байлық достық ,бірлік ,бейбітшілік

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев этно-мәдени қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Жиынға ақсақалдар, аналар кеңесінің төрағалары, журналистер клубы мен қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми -сараптама тобының мүшелері қатысты. 

Облыстық достық үйінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  балалар дайындаған көрмені танысты. Мұнда облыстық және республика көлемінде жүлделі орын алып жүрген өнерлі балалардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар қойылған. Әсіресе техникалық шығармашылық үйірмесінің оқушылары жасаған ұшақ, тікұшақ, машина макеттері тартымдылығымен алыстан көзге түседі.  Майлы бояумен салынған қылқалам шеберлерінің жұмыстары да түсінің қанықтылығымен ерекшеленеді. Бұдан соң облыс  басшысы мәжіліс залы мен бірлестіктердің кабинеттерін аралап көрді. 

Кездесу соңында облыс әкімі бірлестік төрағаларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиында сөз алған облыс әкімі Ассамблея қызметінің басым бағыттарын атап өтті. Соның ішінде халықтың бірлігін сақтау, ұлтаралық қатынас пен бейбітшілікті нығайту, Қазақстан халқының тілін, дінін, мәдениетін, салт дәстүрін дамыту екеніне тоқталды. Және қазақстан халқы Ассамблеясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұрынғы Кеңестер одағы  елдері арасында алғаш болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  ҚХА құрды. Яғни түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдерін бір шаңырақтың астына жинап, оларға үнемі қолдау көрсететін орталық құрды. Бұл әр ұлттың өкілі өзінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпын сақтап, тілі мен мәдениетін ұмытпасын деген мақсат. Елбасы айтқандай біздің басты байлығымыз - достық, бірлік, бейбітшілік.

Жиында сөз алған этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары облыстың қоғамдық - саяси өміріне үнемі белсене араласып, ұлттық мәдениетті насихаттау жолында түрлі іс-шаралар өткізіп келе жатқанын айтты.  Және Елбасының бастамасымен құрылған, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мемлекеттік маңызын сөз етті.

ЖОЛДАС  НҰРШИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Биыл құрылғанына Ассамблеяның 20 жылдығы   облыс көлемінде кең көлемде атап өтілді. Бүгінде облыста 90 -ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 19 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Кездесу барысында облыс басшысы этно-мәдени бірлестіктердің жұмыстарын әлде де жандандыру қажет екенін айтты.

 

 

Жаңалықтар таспасы