Басты мақсат азық-түлік белдеуін өзімізде қалыптастыру

You are here

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласын нығайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде қоян, құс, балық шаруашылықтарын дамыту да бар. Ал егін алқабын ұлғайту өз алдына талқыланды. "25 млн. гектар жердің бір миллиондайына тұқым себуге болады. Ең негізгі мақсат азық-түлік белдеуін өзімізде қалыптастыру", - Бердібек Сапарбаев. Әрі ылғалдың молдығына байланысты биыл егістік көлемін 50 мың гектарға арттыру да көзделіп отыр.

Биыл ылғал мол түсті, егістік көлемін артыруға да мүмкіндік бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы артықшылықты пайдаланып, биыл егістік көлемі 50 мың гектарға көбейтілгендігін атап өтті.  Енді дәнді дақылдың ішінде тары мен жүгеріге, майлы дақылдан күнбағыс пен мақсарыға басымдық берілу тиіс. Суармалы жерлер де толық игеріліп, азық түлік белдеуін қалыптастыру басты міндеттердің бірі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өзімізде жетпес құтсың Ресейден тасылатын етінің бағасы базарда аспандап тұр. Ешкі сүтінің литрі де мың теңгеге жеткен. Ақтөбеліктер қоян етінің қадірін де жете түсінбей, еті мен терісін сатудың жолдарын білмейді, деді облыс әкімі. Ал, 3 үлкен суқоймасы, отыз өзені, мыңнан аса көлі бар Ақтөбе өңірінде балық шаруашылығы да шатқаяқтап қалған. Шабақ өсіріп, суды бөгеп пайда көруге ниеттілер жоқтың қасы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысы жиынға қатысқан аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары мен шаруашылық құрылымдарының жетекшілеріне ауыл шаруашылығының тың салаларына түрен салудан тайсалмауды тапсырды. Өйткені, ара шаруашылығын дамытып, Ақтөбенің балын республикаға танытуға толық мүмкіндік бар. Жетпейтіні ынта мен жігер және сауатты талдау. Жиында табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының басшысы да өзінде бар мәліметтерді жариялап, білмейтін тұсында облыс әкімінен ескерту алды. Мәселен, ауланатын балықтың мөлшерін белгілеуге де сырттан келетін ғалымдарға тәуелділік бар.

НҰРЖАН АҚҚҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыста 207 бас ешкі бағып, сүтін сатып отырған сегіз шаруашылық бар. Омарташылардың да саны сегіз. Ал, үш кәсіпкер қоян бағып, жергілікті сауда нүктелері мен мейрамханалардың сұранысын жауып отыр. Өз қазанында қайнап жатқан бұл салалардың мәселесін көтеріп, мұң-мұқтаждықтарына құлақ түрген облыс әкімі әрбір кәсіп маманын орындарынан тұрғызып, шаруашылықтарының жайын білді.

ДАНИЯ РЫСҚҰЛОВА, ОМАРТАШЫ

ИБРАГИМ СӘРСЕНБАЕВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Облыс әкімі әрбір су қоймасының иесінің жалға алу шартындағы міндеттемелерінің орындалуын қадағалауды тапсырды. Өйткені, жоғарыда аталған салалар ақтөбеліктерді сапалы әрі арзан өніммен қамтып қана қоймай, облыс экономикасына тамшылап болса да үлес қосады. Елбасының тапсырмаларының негізінде экономика мен ауыл шаруашылығының тың салаларын табу деген осы. Облыс әкімі мемлекет тарапынан кез келген жөнді ұсыныстың қабылданып, тиісінше қолдау болатындығын айтты. Жер беріледі, субсидия да төленеді. Жиын қорытындысы бойынша облыс басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлердің жолындағы кедергілерді жою, нақты талдау жасап, барды ұқсату тұрғысындағы тапсырмалар берді.

 

 

Жаңалықтар таспасы