Басты мақсат Білім мен тәрбиені ұштастыру

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Мақсат бір - білім мен тәжірибені ұштастыру бағытында жасалып жатқан жұмыстарды көру. Колледж басшылығы болашаққа сапалы маман даярлап, мемлекет басшысы міндеттеген дуальді оқыту әдісін жолға қойдық, - деп облыс әкіміне жетістіктерін көрсетті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бүгінгі жұмыс күні Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжінен басталды. Ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие 13 мамандық бойынша колледждің күндізгі бөлімінде 1350 бала білім алып жатыр. Соңғы жылдары оқу орны айтарлықтай өзгерген. Ғимараттың кіре берісінде бұл жетістіктерді колледж директоры Амангелді Есіркепов айтып берді.

АМАНГЕЛДІ ЕСІРКЕПОВ, АҚТӨБЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Оқу бөлмелерін де аралап, оқушылармен тілдескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шәкірттердің білім деңгейі, болашақ жұмыс орындарының жайы және стипендияларының көлемі туралы білді. Колледж басшылығының мәлімдеуінше, түлектердің 97 пайызы жұмыспен қамтылады. Жас агрономдар, мал дәрігерлері мен механиктерге облыстағы іргелі шаруашылықтардан сұраныс жоғары. Мысалы, "Париж коммунасы" серіктестігі оқушылардың сынақ алаңы іспетті. Басқа да шаруашылық құрылымдарымен нақты келіссөздер жүргізілген

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Оқушыларды тәжірибеден өткізуге колледждің өз күші де жеткілікті. Биыл, мал азығы ретінде оқу орнына тиесілі 10 гектар алқапқа тары және он гектарына арпа егілген. Талапқа сай жабдықталған жылыжай да облыс әкімінің көңілінен шықты. Күріш пен сұлы, бидай мен арпа және хош иісі бұрқыраған гүлдер өсіп тұр. Ал, колледждің қос ғимаратының аралығына салынған қысқы бақтың шатыры өткен түнде ғана жабылыпты. Болашақта бұл орын сәнді де сәулетті баққа айналғалы тұр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мәселен, болашақ мамандар төрт-түлікке жем-шөп беруден бастап, ем-дом шараларына дейін қатысады.  Ал, көлік жөндеу стансасының ішінде оқу бөлмелері де бар. Жалпы, колледжде білім мен тәжірибені ұштастыруға арналған 21 зертхана бар. Колледждің оқу ғимаратының іргесінде 41 түрлі ағаш отырғызылған дендробақ та студенттер мен оқытушылардың мақтанышы. Бақты аралап шыққан облыс әкімі өзінің орынбасарына Ақтөбеде дәл осындай қырық бір түрлі ағашты отырғызуға мүмкіндік бар екендігін де ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев колледжді толық аралап көріп, Мемлекет басшысы жүктеген міндет бойынша елімізде жолға қойылған дуальді оқыту әдісін жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, осы колледж бен тәжірибе станасының күштерін біріктіріп, ауыл шаруашылығының іргелі ғылыми орталығын құру жолдарын қарастыруды ұсынды.

 

 

Қосылды: 
18.11.2015 - 11:21
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:16