Бердібек Сапарбаев «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болған Ақтөбе облысының әкімі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Қарамағына Табантал ауылынан өзге тағы үш ауыл кіретін Табантал ауылдық округінде 568 адам тұрады. Округ аумағында екі ЖШС, 41 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, әлеуметтік нысандар бар.

Мұнда Бердібек Сапарбаев 1970 жылы салынған орта мектепте болды. 540 орындық білім ордасында осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмепті, бір жыл бұрын шатыры ғана ауыстырылған. Қазіргі таңда мекепте 104 оқушы біліп алып жатыр, интернаты бар. Облыс әкімі кабинеттерді, асхана, спорт залды қарап шығып, ғимараттың ішкі безендірілуіне қатысты бірқатар ескертулер айтты.

«Облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының жүзеге асырылып жатқандығын білесіздер. Құрамына сарапшылар, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері  кіретін топтар 9 қазаннан бастап Әйтеке би, Мұғалжар, Мәртөк, Темір, Қарғалы, Байғанин, Шалқар және Хромтау аудандарында жұмыс жасауда. Халықпен жұмыс жасауда басты назар бұрынғыдай өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу сұрақтарын түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға бағытталған», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев ауылдық клубта тұрғындармен кездесу кезінде.

Жергілікті халық аймақ басшысынан бірнеше мәселені шешуге ықпал етуін сұрады. Ең өзектілерінің бірі – 28 шақырымдық жолдың жағдайы.

Сауалдарға жауап берген өңір басшысы жолдың аталмыш бөлігін күрделі жөндеуге бюджет қаражатынан миллиардан астам теңге қажет екендігін, сондықтан әзірге тек шұңқырлары ғана жөнделетінін айтты. Мұнан былай бұл мәселе шешілетін болады.

Бердібек Сапарбаев тұрғындардың есіне отын, малдың жем-шөбін алдын ала ойластыру керектігін салды.

Тұрғындармен тағы бір кездесу 2643 адам тұрып жатқан Ақжар ауылдық округінде өтті. Округке екі елді мекен қарайды,оның аумағында бес ЖШС, жиырма шаруа қожалығы, 13 дүкен, жеті жеке қожалық әрекет етеді.

Бердібек Сапарбаев ақжарлықтармен көшені жарықтандыру және ауылдардың бірін газдандыру сұрақтарының шешімін талқылады.

Хромтауда облыс әкімі 34 орындық «Шерхан» кемпингіне барды.

«Жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту керек. Өңіріміз арқылы өтіп жатқан жолдың құрылысы мен оны дамыту жол бойындағы кемпингтерді, автосервистер мен кафелерді сала отыра пайда табуға жақсы мүмкіндік береді» , - деп тапсырды өңір басшысы.

Осында Бердібек Сапарбаев Хромтау ауданының ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығының жұмысымен, №6 қалалық гимназияның қызметімен танысты.

Гимназияда аймақ басшысына Хромтауда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар ұсынылды. Олардың қатарында «№22» тұрғын үй орамындағы әлеуметтік жағынан әлжуаз тобына арналған екі 48 пәтерлік үйдің, екі пәтерлік екі қабатты үйдің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, аудандық әкімдіктің әкімшілік ғимаратының құрылысы бар.

Облыс әкімінің Хромтау ауданына сапарын жергілікті тұрғындармен кезедесуі аяқтады. Бердібек Сапарбаев жиналғандарға облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында әрекет етіп жатқан мобильді топтың жұмыс жасайтындығын ескертті.

«Мобильді топтар азаматтардың толғандырған мәселелерін сол жерде шешіп, оларға қажетті кеңестер беру үшін жұмыс жасайды. Сонымен қатар, тек бір-бірімізге хабарлай отыра шешілетін мәселелер де жоқ емес. Бұл ең алдымен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты. Әр ата-ана өз баласын қадағалап, оның немен айналысып жатқанын, неге қызығатынын, түн жарымда қайда жүретінін білуі тиіс. Әр оқушының болашағы оқытушыға байланысты. Балаларымызды Отанын, жерін, отбасын, ұлттық салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеуіміз қажет. Елбасы өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында осы жайында айтқан болатын», -деді Хромтау тұрғындарын өздері атаған мәселелердің шешілетініне сендірген облыс әкімі кездесу кезінде.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі