Бердібек Сапарбаев «Қазгидромет» басшысымен кездесу өткізді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймаққа келген «Қазгидромет» РМК Бас директоры Марат Қинатовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М.Қынатов су тасқынының жағдайын дәлірек болжамдар жасауға мүмкіндік беретін гидрологиялық болжаудың жаңа цифрлық жүйесін ұсынды.

Елдің бас метеорологы Ақтөбе облысындағы қолайсыз су тасқынының қайталануы топырақ қабатының қатуы мен ірі өзендердегі мұздың әлі де ерімегенінен болуы мүмкін деп атап өтті.
Осыған қарамастан, су тасқыны туралы болжам оптимистік тұрғыда қалып отыр. Бұл, ең алдымен, алдағы аптаның қолайлы ауа райы болжамы. Облыстың бүкіл аумағының жартысынан көбі қардан ажырады, Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларында еріген суды сақтау үшін үлкен көлемдегі бос орын бар.

- 28 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағының 47% әлі қар бар.  Мысалы 2017 жылғы 8 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін, яғни 11 күннің ішінде қардың қамту аймағы 94 пайыздан нөлге дейін өзгерді. Ауа-райының күрт өзгеруі болды. Келесі аптада ауа температурасы плюс болады деп күтілуде, 6 сәуірден 12 градус жылы болса, түнгі температура суық болады. Бұл қарды бірте-бірте ерітуге ықпал етеді, - деді Марат Қынатов.

Кездесуді қорытындылай келе, облыс басшысы нақты болжамдарды ұсынуға өтініш білдірді. Бердібек Сапарбаев су тасқыны жағдайының нашарлауы туралы алдын-ала ескерту жасауда «Қазгидрометтің» көмегі өте маңызды екенін атап өтті.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі